Фактчек | Қаниев асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген субсидия туралы

8 қыркүйекте Сенат отырысында депутат Бауыржан Қаниев асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген субсидия туралы мәлімдеме жасады. Бұған қоса осы тақырыпты Нұралиев Әбдәлі де көтерді. Factcheck.kz депутаттардың қаншалықты рас сөйлегенін тексерді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға жылдан жылға елеулі субсидиялар бөлінуде, бұл сомма жыл сайын ұлғаюда. Мысалы, 2020 жылы 115 млрд теңге, 2021 жылы 119 млрд теңге, 2022 жылы 124 млрд теңге бөліні отыр.

Бауыржан Қаниев.

Үкім: Шындыққа жақын

Ауыл шаруашылығының дерегінше, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға арналған субсидиялау бағдарламасы бойынша 2020 жылы 115 млрд емес, 113,8 млрд теңге бөлінген. Ал 2021 жылы расымен 119,8 млрд.теңге қарастырылып, игерілген. Министрліктің жауабына сәйкес биыл 124 млрд емес, 127,8 млрд теңге қарасытырылған.

Расымен депутат Қаниев айтқандай кейінгі бес жылда және биыл бөлінген субсидия сомасы артқанын байқауға болады.

Десек те, асыл тұқымды малдың жалпы санындағы үлесінің төмендігі саланың шектеу факторы болып табылады. Ол елімізде, жоғарыда айтылғандай, 13%-ды құрайды.

Нұралиев Әбдәлі

Үкім: Шындық

Ескерту: Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды малдардың саны мен үлесі жайлы 2022 жылғы ақпарат 2023 жылдың 1 тоқсанында дайын болатынын хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі дерегінше, Қазақстанда жалпы ірі қара мал саны 8 192 400, оның ішінде асыл тұқымдысы 1 065 500 немесе 13%.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz