Фактчек | Камалиев Bek Air туралы не айтты?

27 желтоқсанда Халықаралық Алматы әуежайының маңында Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, 12 адам мерт болды, оның ішінде әріптесіміз Дана Круглова бар.

UP-F1007 тіркеу нөмірі бар Fokker 100 ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған еді. Әлеуметтік желілерде түрлі нұсқалар мен қаңқу сөздер тарап кетті. Біз оларды тексеріп материалдар тізімін жариялауды жоспарлап отырмыз. 2019 жылдың 28 желтоқсанында астанадағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігі өткізген брифингте шақырылған тілшілерге нақты әрі толық ақпарат берілген жоқ. Дегенмен, тексеруге тұрарлық тезистерді айтты. Ендеше, кеттік.

Әсіресе, Индустрия және ирфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев бірнеше қате жорамалдар мен мәлімдемелер келтіріп, олар қазақстандық ірі БАҚ-тарда жарияланды. Талдаймыз.

 Қазіргі уақытта “Bek Air” әуекомпаниясының жалғыз құрылтайшысы – Нұрлан Жұмасұлтанов.

Берік Камалиев, Индустрия және ирфрақұрылымдық даму вице-министрі

Үкім: Жалған

Жұмасұлтанов мырзаның Bek Air-ге қатысы бары анық (соған сәйкес құжатты қараңыз).

Ustav_compressed

Дегенмен, Электронды үкімет порталында тіркелген заңды тұлғалар туралы анықтамаға сәйкес, “BEK AIR” ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы – Шүленбаев Дамир Маратұлы, ал “БЕК ЭЙР” АҚ-ныкі – Жарқымбаев Сәкен Тоқпайұлы.

Кеше әуекомпаниясының құрылтайшылары туралы ізденіп, жақын күндерге дейін компанияда екі құрылтайшы болғанын анықтадым

Берік Камалиев, Индустрия және ирфрақұрылымдық даму вице-министрі

Үкім: Жалған

Egov.kz сайтындағы сол құжатта құрылтайшылар құрамындағы өзгеріс соңғы рет 2016 және 2017 жылдары болғанын көруге болады. Ал АҚ Жарғысында Қоғам акционері жалғыз деп жазылған.

Серіктестік:

Фактчек | Камалиев Bek Air туралы не айтты?
Құжат egov.kz порталынан алынды

Акционерлік қоғам:

Фактчек | Камалиев Bek Air туралы не айтты?
Құжат egov.kz порталынан алынды

ИИД министрлігінде бар «актуалды ақпарат» бойынша Bek Air компаниясының төрағасы – Нұрлан Жұмасұлтанов, бірақ одан бөлек бас директор бар. Ол атқарушы. Тегі керек… қосымша бере аламыз.

Берік Камалиев, Индустрия және ирфрақұрылымдық даму вице-министрі

Үкім: Жартылай шындық

Алдағы скриншоттар мен сілтемелерден бас директорлардың аты-жөнін көре аласыз.

Басқарма төрағасы қызметіне келер болсақ, «Бек Эйр» АҚ Жарғысының 7-тармағында мынадай басқару органдары көрсетілген:

  1. Жоғарғы орган – Қоғамның жалғыз акционері;
  2. Басқару органы – Директорлар кеңесі;
  3. Атқарушы орган – Жекеше орган; Бас директор;
  4. Қадағалаушы орган – Ішкі аудит қызметі;
  5. Консультативтік орган – Президент.

Атап өтейік, Жарғының 11-тармағында Президенттің келісім-шарттарға қол қоюға құқы бар, сенімхатсыз компания мүддесін ҚР мен шет елдерде таныстыра алатыны айтылған. Консультативтік органның акционерлік қоғам туралы заңнамаға сәйкес құзіретін біз қарастырмаймыз.

Осылайша, Жұмасұлтанов мырза АҚ басқарма төрағасы емес, бірақ ҚР ИИДМ-дегі бұрынғы әріптестері үшін ол – әуетасымалдаушы компания өкілі.

Жұмасұлтанов Азаматтық аваиция комитетінен қажетті сертификаттарды алу үшін өз қызметін пайдаланған жоқ. Заңға сәйкес, әр жеке тұлға өзінің үлесі мен акционерлік қоғамға қатысуын басқа адамға өткізуі керек. Осы бөлім бойынша, заңға сәйкес, қызметтерді қоса атқармауы керек.

Берік Камалиев, Индустрия және ирфрақұрылымдық даму вице-министрі

Үкім: Манипуляция

Осы жерде вице-министрдің сөзіне түзету енгізу керек, ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңның 13-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкердің («әр жеке тұлға» емес) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқылы емес.

Өкінішке қарай, ашық дереккөздерде Нұрлан Жұмасұлтановтың бақылау компаниясында аффилирленгендігін қолданып қызметін асыра пайдаланғаны жөнінде мәлімет жоқ. Сот кабинетінің ақпараттар базасында мұндай құқықбұзушылық тіркелмеген.

Біз ресми тергеу жұмыстарының нәтижесін күтіп, ұшақ апатына қатысты танымал тұлғалардың мәлімдемелерін ашық дереккөздердің көмегімен тексеруді жалғастырамыз.

Factcheck.kz