Фактчек | Қалетаев: Елден кетіп жатқандардың 70%-ы өзге этнос өкілдері

Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев Мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген сөзінде қазақстандықтардың шетелге кетіп жатқанын әлемдік тенденция және олардың 70%-ы өзге этнос өкілдері екенін айтты. Сонымен қатар министр шетелге кетіп жатқан адамдар өзінің тілдік ортасын, шығу тегін іздеп шетел асып жатқанын мәлімдеді. Ендеше, экс-министрдің айтқандарын тексеріп көрейік.

«…елден кеткен адамдардың 70%-дан астамы өзге этнос өкілдері»

Үкім: Шындық

Қазақстаннан шетелге көшкен өзге этнос өкілдерінің саны 95 пайызды құрайды. Елден кеткен қазақтар саны – 1865, бұл көшкендердің 4.45%-н құрайды.

«…адамдар өзінің тілдік ортасын, шығу тегін іздеп шетел асып жатыр» 

Үкім: Манипуляция

Бұл мәлімдеме – бағалаушы пікірге жатады. Экс-министр 40 000-нан аса адамның миграция себебін дәлелдерге сүйенбей, тек болжам бойынша айтуға тырысқан. Назарларыңызға халықтың елден кету себептері бойынша ресми деректерді ұсынамыз.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz