Фактчек | Қайрат Жолдыбай Қазақстан демографиясы мен неке туралы

21 ақпан qazaquni.kz сайтына дінтанушы Қайрат Жолдыбаймен сұқбат жарық көрді. Сұқбат барысында ғалым ел демографиясының жағдайы, неке мен ажырасуға байланысты бірнеше мәлімдеме айтқан болатын. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

1991 жылдан бері Қазақстан халқы 12 пайызға ғана көбейген. 12 пайызды 30 жылға шағып жі­бер­сек, мүлде өспеген болып шы­ғамыз…

Қайрат Жолдыбай, дінтанушы

Үкім: Шындық және манипуляция

ҚР Статистика комитетінің дерегінше, шынымен-ақ, тәуелсіздік алған кезден осы уақытқа дейін Қазақстан халқы 12 пайызға өскен. Ал бар өсімді жоққа шығару – манипуляция.

… Ал осы жылдар ішін­де Өзбекстан халқы – 59, тә­жік­стандықтар – 68, Қырғыз Рес­пуб­ликасы азаматтары – 43, әзір­байжандықтар 37 пайызға өс­кен.

Қайрат Жолдыбай, дінтанушы

Үкім: Жалған

Осы жылдар ішінде (ред. – 1991-2019) Өзбекстан халқы – 38, Тәжікстан халқы – 40, Қырғызстан халқы – 30, Әзірбайжан халқы – 28 пайызға өскен. Яғни, аталған елдердің пайыздық көрсеткіші ғалым айтқан мәлімдемедегі сандармен сәйкес келмейді.

Фактчек | Қайрат Жолдыбай Қазақстан демографиясы мен неке туралы

Жылына үйленген жа­с­тардың 40 пайызға жуығы ажы­расып кетеді екен.

Қайрат Жолдыбай, дінтанушы

Үкім: Шындық

Шынымен-ақ, ресми деректер мәлімдемемен сәйкес келеді. 2015, 2016, 2017 жылдары ажырасқандар саны 40 пайызға жуық болса, соңғы екі жылда пайыздық көрсеткіш 40-тан асып кеткен.

Фактчек | Қайрат Жолдыбай Қазақстан демографиясы мен неке туралы
Дереккөз: ҚР Статистика комитеті

Ста­тис­тикаға сүйенсек, соң­ғы 10 жыл­да 1 миллионнан ас­там адам ажырасқан.

Қайрат Жолдыбай, дінтанушы

Үкім: Шындық, бірақ…

Егер ғалым мәлімдемесінде жеке тұлғаларды айтқысы келсе, Статистика комитетінің мәліметінше, ақпарат шындық. Яғни, соңғы 10 жылда 548 182 жұп ажырасқан. Нәтижесінде 1 096 364 адам (жеке тұлға) болады. Ал ажырасқан жұптар жайлы айтқысы келсе, мәлімдеме жалған.

2018 жылы 137 мың неке тіркелсе, соның 54 мыңы ажырасып кеткен. 

Қайрат Жолдыбай, дінтанушы

Үкім: Шындық

Статистика комитетінің дерегінше, 2018 жылы 137 797 неке тіркеліп, оның 54 797-сі ажырасқан.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz