Фактчек | Финляндия лотереядан 1 млрд $ астам табыс тапты


5 ақпанда Мәжілістің жалпы отырысы палата cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтті. Депутаттар лотерея және лотерея қызметіне қатысты заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс депутаттары әлеуметтік мақсаттар үшін лотереялық қызметтен түскен кірістердің бағытына ерекше көңіл бөлді. Нұрлан Нығматулин жиналыста мынадай мәлімдеме жасады:

Бізде халықаралық тәжірибе де бар. 2019 жылы Финляндияда оператор арқылы осындай лотереялық іс-шаралардан 1 миллиард доллардан астам қаражат спорт пен дене шынықтыру саласына бағытталды.

Нұрлан Нығматулин


Factcheck.kz Нұрлан Нығматулиннің қаншалықты дұрыс айтқанын және басқа елдердегі лотереялар туралы қандай заңдар бар екенін тексерді.

Үкім: Шындық

Нығматулин мырза қателеспеді. Финляндия Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, құмар ойындардан түскен табыс — спорт пен дене шынықтыру, ғылым, өнер, жастар жұмысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жылқы шаруашылығы мен ат спортын дамытуға негізделген қоғамдық мүдделерді қолдауға пайдаланылады. Құмар ойындардан түсетін жылдық табыс 1,1 миллиард еуроны құрайды.

Лотерея туралы заң 2002 жылы қабылданды. Ал осы жылы Финляндия құмар ойындарынан болатын негативті әсерін одан әрі болдырмауға және азайтуға бағытталған жаңа реформаны күтуде.

Басқа елдердегі жағдай қалай?

Ресей

Лотереяларды ұйымдастыру саласындағы заң аясында «Лотереялар туралы» Федералды заң қабылданған (11.11.2003 жылғы № 138FZ). 2014 жылдан бастап Ресейде лотерея ойындарын өткізуге мемлекеттік монополия енгізілді. Бүгінгі таңда лотереяны ұйымдастырушылар — Қаржы министрлігі мен Спорт министрлігінің құзырында.

Польша

European Casino мәліметінше, казино индустриясын дамыту мақсатында, казинодан тыс орналасқан ойын автоматтарына 2010 жылы Польша үкіметі тыйым салған, ал 2015 жылы Конституциялық трибунал бұл тыйымды қолдаған.

Алайда, 2017 жылдың сәуірде күшіне енген заңдар бойынша Totalizator Sportowy аясында казинодан тыс ойын автоматтарын пайдалануға монополия бар екенін көрсетеді. Интернеттегі құмар ойындардың жалғыз рұқсат етілген оператор –Totalizator Sportowy мемлекеттік компаниясы (Бір жылдық табысы шамамен 60 млн доллар).

Үндістан

Үндістандағы лотереялар мен лотерея туралы заңдар біркелкі емес. Қазіргі уақытта лотереяларға 13 штатта рұқсат етілген, ал қалғандарында тыйым салған. Ұлттық тыйым жоқ, бірақ Үндістан мемлекеттік жоғарғы сотының 2015 жылғы шешімінен кейін жекелеген штаттар лотереяларға рұқсат беру-бермеу туралы шешімді өздері қабылдайды. Мемлекет өз юрисдикциясында (халықаралық емес) лотерея ойындарын бақылауға және барлық ұтыс ойындарының әділ және ойын ережелеріне сәйкес келетініне кепілдік беруге құқылы.

Қытай

Қытайда құмар ойындарға тыйым салынған, ал казиноны Макао (басқа заңдар қолданылатын) арнайы әкімшілік аймағынан ғана табуға болады. Алайда, лотереяларға байланысты бір ескеретін жайт, яғни, үкімет құмар ойыны болып саналмайтын ресми ойындарды өткізе алады.

Қытайдың ресми лотереясын екіге бөлуге болады — Қытайдың дәулетті лотереясы және Қытай спорт лотереясы. Бұл екі ұйым қоғамдық әл-ауқат пен спортты дамыту үшін ақша жинайтын ресми тіркелген ойындарды басқарады. Үкімет құмар ойындарынан түскен табыстың белгісіз деңгейде қалатына байланысты лотерея нарығын бақылауды күшейткен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz