Фактчек | Ержан Құдайберген Қазақстан мақтасы туралы

4 желтоқсан күні ҚР парламентінің кезекті пленарлық отырысында мәжілісмен Ержан Құдайберген ҚР премьер-министрдің орынбасарының атына сауал жолдады. Сауалда отандық мақта-мата өндірісіндегі мәселелер мен елдегі мақтаны терең қайта өңдеуді жақсарту қажеттігін айтты. Одан бөлек спикер:

«Қазақстанда жылына орташа есеппен 300 мың тонна мақта шикізаты жиналады, оның тек 4%-ы, яғни шамамен 12 мың тонна талшықтан ғана дайын өнім жасалады, сонымен қоса матаға талшықтан 4 есе артық баға қояды. Ал 288 мың тоннаның көбі экспортқа кетеді…» Е.Құдайберген

Қазақстанда жылына орташа есеппен 300 мың тонна мақта шикізаты жиналады

Үкім: Шындық

Шынында, бір жылда орташа есеппен осындай көлемде мақта шикізаты жиналады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметтерінде жазылған:

Фактчек | Ержан Құдайберген Қазақстан мақтасы туралы

2008 жылдан қазіргі күнге дейін жалпы жиналым 240-380 мың тонна шамасында өзгеріп тұрады.

(Тек 4%-ы, яғни шамамен 12 мың тонна талшықтан ғана дайын өнім жасалады…) Ал 288 мың тоннаның көбісі экспортқа кетеді.

Үкім: Жалған (мәліметтердің жеткіліксіздігінен болар)

Қазақстанда жиналған мақта шикізатының қаншалықты мөлшерінен елімізде киім немесе төсек жабдығы жасалатынын анықтай алмағандықтан, мәжілісменнің сөзін растай алмаймыз, теріске де шығара алмаймыз.

ЭЫДҰ мәліметі бойынша (1-сурет) Қазақстан 2016 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта орташа есеппен 50 мың тонна мақта талшығын экспорттаған. Өйткені ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін мақта өңдейтін мекемелерге өткізеді, олар мақта талшығын жасайды. Талшық экспортқа кетеді, бірақ белгілі бір бөлігінен Қазақстанда мақта иірімжібі мен мата өндіріледі. (2-суретті қараңыз)

Фактчек | Ержан Құдайберген Қазақстан мақтасы туралы

Аталған кезеңде Қазақстан жыл сайын орташа есеппен 73 мың тонна мақта талшығын жасаған. 50 мың тоннасын экспорттаған. Яғни экспортқа 68,5%-ы кетті. Тағы да 50 мың мақта талшығын өндіру үшін қанша мақта шикізаты кеткенін анықтау қиын. Әртүрлі дереккөздерде шикізаттан 26%-дан 32%-ға дейін талшық шығады делінген. Соған сәйкес, 156-дан 192 тоннаға дейін.

Мақта шикізатының өңделу барысын толығырақ қарастырайық.

Дереккөз: «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ  (кесте ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің статистикалық материалдары негізінде жасалды):

Фактчек | Ержан Құдайберген Қазақстан мақтасы туралы

Көріп отырғанымыздай, 2018 жылы республикада отандық мақтадан 4700 тонна иірімжіп және 24 261 кв.метр мата жасалған.

«Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ сайтындағы Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібі. Даму  перспективасы мақаласында былай делінген: «Қайта өңделген өнімнің 90%-ға жуығы Латвия, Молдова және Түркия сынды елдерге экспорттауға арналған. Қалған 10%-ын мақта-мата шығарумен айналысатын мекемелер пайдаланады…»

Қорытындыласақ, Қазақстан мақта шикізатын емес, мақта талшығын экспорттайды және 288 мың тонна емес, шамамен 50 мың тонна. «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ мәліметтері бойынша 90% талшық экспортқа арналған, ЭЫДҰ мәліметтерінде 68,5% деп берілген.

Дегенмен, мәжілісмен көтерген сауал маңызды екенін мойындауымыз керек. Біз отандық жеңіл өнеркәсіп туралы жалпы айтқан болатынбыз.

Дайын мақта-мата өнімі бағасы мақта талшығының бағасынан 4 есе артық

Үкім: Шындық

Дайын өнімге қосылған бағаны мақта талшығының бағасымен салыстыру үшін есептеулер жүргізу қажет, дегенмен нәтижесі осыған сәйкес кеп қалады.

Әлемдік нарықта 1 кг мақта талшығының бағасы 1,65 USD. Ал Қазақстан нарығында 1 м мақта матасының бағасы 250 тг-ден басталады. Сонымен қоса 1 кг мақта талшығынан орташа есеппен 10-нан 20 метрге дейін мата жасауға болады. Осылайша, егер 10 метрдің бағасы 6,5 USD екенін ескерсек (метріне 250 теңге болғанда), расымен матаға қосылатын баға талшықтың бағасынан 4 есеге артық.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz