Фактчек | Е. Тоғжанов оқушылар сауаты және бала тәрбиесі рейтінгіндегі Қазақстанның орны туралы

21 тамызда “Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері” республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бірқатар мәлімдеме жасады. Оларды БАҚ таратты: “Дүниежүзілік рейтингілерде Қазақстан бүгінде бала тәрбиесі жөнінен соңғы 73-орында. PISA нәтижелері оқушылар сауатының төмен екенін көрсетеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің балалары оқу сауаты нәтижесін тұрақты арттырып келе жатса, бізде мәселелер мен нашарлау тенденциясы бар”. Бұл мәлімдеме есте қаларлықтай болғандықтан тексерейік.

Мәлімлдеме: Дүниежүзілік рейтингілер бойынша Қазақстан бүгінде бала өсіру жөнінен соңғы 73-орында.

Ералы Тоғжанов

Үкім: Шындық және техникалық қате

Расында, әйгілі америкалық US news and world report басылымы дүниежүзінің 73 елі арасында “Үздік елдер” (Best countries) атты ерекше рейтинг өткізді. Рейтинг дауыс беру арқылы жасалды (өзекті сауалнамаға дүниежүзінің 20 мың адамы қатысты). Онда бизнеске ашықтық, өмір сапасы, кәсіпкерлік, туризм және оқиға сияқты белгілі бір параметрлер жиынтығы арасында бала тәрбиесі де бар. Мұнда 73-орында тұрғанымыз рас. Дегенмен рейтинг жыл басында жарияланып кеткен әрі оның әдісі айтарлықтай ерекше.

US news әдісі

Басылымның хабарлауынша, рейтинг моделін BAV group және Пенсильвания университетінің Уортон мектебі, соның ішінде профессор Дж.Рейбштейн осы басылымның консультатив қатысуымен әзірлеген.

Анықтама үшін: BAV компаниясы брендтер қуатын зерттеумен айналысады, ал Дэвид Рейбштейн – маркетинг профессоры.

Олар табысты елдің 65 белгісі жиынтығын жасады. Респонденттер белгілі бір белгіні қай елмен байланыстыратынын көрсетті.

Ел қандайда бір жетістік белгісіне сай үлгі болып қабылданған сайын оның балы соғұрлым жоғары болды немесе керісінше. Белгілер 9 бағалау санаты бойынша топтастырылды: туризм және оқиға, азаматтық, мәдени даму, кәсіпкерлік, мұра, қозғаушы күштер, бизнестің ашықтығы, билік және өмір сапасы.

Оған қоса, рейтинг жоғарыда айтылған санаттарды бағалау белгілері сұралғандар пікірінше жаһандық тенденциясы ұқсас елдерді топтарға біріктіру жолымен де жасалды. Демек, шын мәнінде, рейтинг, тіпті бағалау жүргізілетін елдерде болмаған адамдардың пікірі, бірлестіктері мен қабылдауының негізінде құрылды.

Сауалнамаға барлығы 36 елден (Америка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) 20 548 адам қатысқан. 11 591 адам – ақпараты бар элита өкілдері, 6 081 — бизнес саласында шешім қабылдайтын тұлғалар, ал 6 927 адам – жалпы жұртшылық.

Елді бағалау кезінде әр санаттың мәнін (“салмағын”) анықтау үшін әр санат бойынша рейтингілер 2017 жылғы мәліметтер негізінде жан басына шаққандағы МЖӘ-де елдің ЖІӨ-мен байланысты болды. Осы экономикалық белгілермен неғұрлым тығыз байланысты санаттар сәйкесінше жоғары процент алды. Төменде мысал берілген. Мұнда санатты, санаттың мәнін немесе “салмағын” процент өлшемімен, белгілерін (сапасын) сауалнамаға қатысқандар былай бағалады:

  • Туризм және оқиға (2%): жылы шырайлы, көңілді, климаты жайлы, әсем, сексуал.
  • Азаматтық (15,88%): адам құқығының және қоршаған ортаның қамын ойлайды, гендер теңдігі, прогрессивтілік, діни сенім бостандығы, меншік құқығын құрметтейді, сенімді, саяси билікті әділ таратады.
  • Мәдени даму (12,96%): ойын-сауық, сән, көңіл көтерудің қолжетімдігі, мәдениеттің күшті ықпалы, заманауилық, бедел, сәннің болуы.
  • Кәсіпкерлік (17,87%): басқа әлеммен байланысы, білімді халық, жігерлік, жаңашылдық, капиталға оңай қол жетуі, білікті жұмыс күші, технологиялық тәжірибе, бизнестің ашық тәжірибесі, дамыған инфрақұрылым, дамыған заңнамалық база.
  • Мұра (1.13%): мәдени қолжетімдік, бай тарих, керемет тағам, көптеген мәдени көрікті жер.

Толық тізіммен өз бетіңізше таныса аласыз.

Рейтингінің ішкі санаттарының бірі – “бала өсіру”. Осылайша, жалпы рейтингідегі санат бойынша елдің орны, шын мәнінде, субъектив түрде – сауалнама нәтижесі бойынша анықталған. Айтпақшы, елдің жалпы ұпайы (Қазақстан 66-орында) барлық параметр бойынша алынған ұпайлардың жиынтық көлемін көрсетті. Анықтама үшін айта кетейік, “билік” санатында біз 36-орында тұрмыз.

Мәлімдеме: PISA нәтижелері оқушылар сауатының төмен екенін көрсетеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің балалары оқу сауаты нәтижесін тұрақты арттырып келе жатса, бізде мәселелер мен нашарлау тенденциясы бар

Ералы Тоғжанов

Үкім: Жартылай шындық

PISA-2018 нәтижелері былтыр желтоқсанда-ақ жарияланған еді. Оған қоса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) оқу сауаты бойынша орташа көрсеткіштері 2009 жылдан бері біртіндеп төмендеп келе жатыр. Еске сала кетейік, зерттеу 15 жастағы мектеп оқушыларының оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша сауат дағдыларын бағалайды. Сол кезде 2019 жылдың желтоқсанында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында бұл нәтиженің “PISA-2009 және 2012 жылдардың нәтижелерімен салыстырғанда төмен” екенін және “Проблеманың бар екенін және олардың үлкен екенін” мойындады. Ол тест академиялық білім деңгейін анықтауға емес, функционалдық сауатты және алған білімді қолдану, талдау және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін анықтауға бағытталғанын да жазды.

Біз халықаралық тестілеу бағдарламаларының нәтижелері және білім беру бойынша қала мен ауыл арасындағы байқалған алшақтық туралы бірнеше рет жаздық. Оларды қайталамай, цифрларды көрсетейік. Көріп отырғаныңыздай, шынымен де, қазақстандық мектеп оқушыларының нәтижелері төмендеу тенденциясына ие:

Фактчек | Е. Тоғжанов оқушылар сауаты және бала тәрбиесі рейтінгіндегі Қазақстанның орны туралы

*2015 жылы Қазақстанда PISA зерттеуі өтті, бірақ олардың нәтижесі ЭЫДҰ-ның деректер базасынан өшірілді. Өйткені деректерді жинау тәсілі регламентке сай келмеді.

Енді Қазақстанның нәтижелерін ЭЫДҰ және кейбір басқа елдің орташа көрсеткіштерімен салыстырайық. Өйткені спикер PISA жоспарында “Қазақстан барлық көрсеткіш бойынша ТМД елдерінен артта қалып отыр” деп айтқан еді. Айта кетейік, зерттеуге Қазақстаннан басқа барлық ТМД елдерінің ішінен Ресей ғана қатысты. Беларусь Республикасы және Украина 2018 жылы, Молдова 2015 және 2018 жылдары қатысты. Қырғызстан 2009 жылы қатысып, сол кездегі нәтижелері қазақстандықтардан төмен болды, ал Бакудың мектеп оқушылары 2018 жылы әзербайжандық зерттеуге қатысып, оқу мен жаратылыстану ғылымында тек екі ұпайдың алшақтығын көрсетті, ал олардың қазақстандық құрдастары математикадан олардан 3 ұпай озды. Салыстыру үшін біз Грузияға қатысты ақпаратты да қостық, бірақ ол ТМД елдерінің қатарына кірмейді.

Фактчек | Е. Тоғжанов оқушылар сауаты және бала тәрбиесі рейтінгіндегі Қазақстанның орны туралы

Дереккөздер: 2009, 2012, 2015, 2018.

PISA 2018 зерттеуі көрсеткендей, Қазақстан, шынында, зерттеуге қатысқан ТМД-ның басқа елдерінен қалып барады (математика көрсеткіштерінен басқа, ол жағынан біз Молдовадан озып тұрмыз). Оған қоса, біздің ел ЭЫДҰ-ның орташа көрсеткіштері бойынша да қалып бара жатыр. Көріп отырғанымыздай, үш пән бойынша орташа көрсеткіштер төмендеу тенденциясына ие, олар Премьер-министрдің орынбасары айтқанда”, мүлде өспей жатыр.

Тағы айта кететіні, 2018 жылы зерттеу Ресейдің Мәскеу облысы мен Татарстанда ғана жүргізілген, ол кезде Қазақстанның барлық облысында тест өткізілген еді. Алматы да, сол кездегі Астана да қосылған. Ең жоғары көрсеткіштерді алдын ала болжанғандай елорда оқушылары көрсетті, ал ең төменгіні олардың Атырау облысындағы қатарластары көрсетті.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz