Фактчек | Депутат Жұмаділдаева өзбек кілемдері жайлы

13 қарашада өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Наталья Жұмаділдаева ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады:

…Өзбекстан Республикасы Президентінің «Өзбекстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметін одан әрі реттеу және тарифтік-кедендік реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес кілемдер мен кілем бұйымдарын импорттауға 70% акциз салығы белгіленді. Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл акциз – 15% мөлшерінде. Бұл шараның салдарынан еліміздің отандық өнімі Өзбекстанда ғана емес, Қазақстанда да бәсекеге қабілетсіз болып қалды. Көрші елдің өндірушілері ҚҚС-ты қайтару құқығын иә, әрі олар ешқандай акциздер төлемейді. Соның арқасында олар өз кілемдерін Қазақстанда 10-15% арзанға сата алады…

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Осыдан кейін Мәжіліс депутаты қазақстандық өндірушілерді қорғауды және «осы тауарларға акциздік алым енгізу бойынша шараларды» қабылдауды сұрады.

Мәлімдеме контексті

Өз сауалы басында спикер Тұңғыш Президенттің бастамасы бойынша ұйымдастырылып, Қазақстанның оңтүстігіндегі орналасқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) туралы айтты. «Ол жерде инвестиция сомасы 13 млрд теңге құрайтын заманауи кәсіпорын бар. Олар әлемнің озық технологияларын пайдалана отырып, кілем өндірісін жолға қойған. Осы ретте біздің өндірушілер «сұр импорт» деп аталатын мәселеге тап болып отыр. Сондықтан отандық кәсіпорындарға арзан және көбіне сапасыз өніммен бәсекелесу аса қиын» (Н.Ж.).

Дегенмен біз тек мәлімдемеде айтылған фактілерді ғана тексереміз.

Өзбекстанға импортталатын кілемдер акцизделетін тауарлардың қатарына кіреді, ал өзбекстандық өндірушілер (кілемдерді экспортқа шығаратындар) ҚҚС-ты (НДС) қайтару құқығына ие.

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Үкім: Шындық

Расымен, жоғарыда айтылған Қаулыға сәйкес, Өзбекстанға импортталатын кілемдерге, кедендік алымдармен қатар акциз де салынады. Акциз тауардың кедендік құнының пайызымен немесе бір өлшем бірлігі үшін АҚШ долларымен есептеледі:

Фактчек | Депутат Жұмаділдаева өзбек кілемдері жайлы

Ескерте кетейік, осыған дейінгі редакцияда акциздің мөлшері 70% емес, 15% болды. Ал егер бұған дейін 70% болып, кейін 15% түссе, онда, логика бойынша, біздің өндірушілер үшін қазір жағдай жақсарды деуге болады.

Акциздер бойынша анықтама: Қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, акциз дегеніміз – жанама салық, оның әсері, негізінен, сатып алушыға тиеді, алайда акциздің сомасын мемлекет пайдасына тауарды сатқан сатушы аударады. Акциздер бюджетті толықтыру және нарықты реттеу үшін жасалған. Кей жағдайларда акциз «молшылық салығы» болып та есептеледі, бұл мысалы елге әкелінетін қымбат көліктерге немесе зергерлік бұйымдарға қатысты. Тағы бір жағдайларда мемлекет акцизді «зияндылық үшін салық» (мысалы бұл алкоголь өнімі мен темекіге қатысты) ретінде де енгізеді. Осы тауарларды қымбаттату арқылы адамдар бұл тауарларды сатып алмай тұрып жақсылап ойланады-мыс. Алайда бұл жағдайда акциз халық арасында өте танымал тауарға салынап отыр, сондықтан бюджетке көп қаражат түседі. Егер акцизделетін тауарлар (яғни Өзбекстанға әкелінетін) тізімін қарайтын болсақ, онда алкоголь мен кілемдерден басқа, ірімшіктер мен шырындар, ескі көліктер мен балмұздақ та бар (барлығы 180 тауар түрі). Мемлекеттің мұндай тәсілді қолдануы ішкі нарықты өз өндірушілері үшін реттеу деп қарастыруға болады.

ҚҚС-қа келетін болсақ, онда Өзбекстан Салық кодексінің 38 тарауындағы Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым және 212-баптағы Тауарлар экспорты бойынша тауарларды (бағалы металдарды қоспағанда) шетел валютасына экспортқа өткізу айналымына нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады. Бұл ретте нөлдік ставка кезінде салық төлеуші ҚҚС сомасын қайтаруға құқылы.

Өзбекстандық кілемдер қазақстандық өнімге қарағанда 10-15% арзан

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Үкім: Манипуляция

Кілем нарығы экономикаға қатты әсер етпесе де, шығыс кілемдерімен жағдай өзгеше. Біз қазақстандық кілемдерден 10-15% арзан өзбекстандық өнім таптық, алайда біздікілерден қымбат кілемдер де баршылық. Мысалы:

Қазақстандық кілем:

Фактчек | Депутат Жұмаділдаева өзбек кілемдері жайлы

Және өзбекстандық кілем:

Фактчек | Депутат Жұмаділдаева өзбек кілемдері жайлы

Ұқсас материалдардан жасалған, бірақ өлшемдері әртүрлі кілемдер

Өзбекстандық, полипропиленнен жасалған, өлшемі 200Х200:

Фактчек | Депутат Жұмаділдаева өзбек кілемдері жайлы

Қазақстандық, полипропиленнен жасалған, өлшемі 200Х300:

Фактчек | Депутат Жұмаділдаева өзбек кілемдері жайлы

Бұл ретте айта кететін ең маңызды жайт: өзбекстандық кілемдер біздің нарықты толықтай жаулап алған жоқ. Сол сайтты өндіруші елдер бойынша жіктеп, қарап көреміз. Қазақстан азаматтары көбіне түркиялық кілемдерді жақсы көреді (біздің халық, тіпті, Өзбекстанға қарағанда Беларусь кілемдерін көбірек ұнатады).

Фактчек | Депутат Жұмаділдаева өзбек кілемдері жайлы

Қосымша контекст

Шыны керек Қазақстанда «сұр импорт», яғни есепке алынбаған тауарлардың мәселесі қатты толғандырады. Дегенмен контрабанда мәселесінде кілемдердің, әсіресе Өзбекстанда жасалғандардың үлесі қандай? Бұл сұраққа біздің де, Н. Жұмаділдаеваның да жауабы жоқ.

«Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймағына тоқталатын болсақ, онда орналасқан кәсіпорындар да салық салу тұрғысынан түрлі жеңілдіктер мен преференцияларға ие.

Фактчек | Депутат Жұмаділдаева өзбек кілемдері жайлы
«Оңтүстік» сайтынан алынған скрин

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz