Фактчек | Депутат Омарбекова ерекше білім беруді қажетсінетін балалар туралы

21 сәуірде Мәжілістің кезекті пленарлық отырысы кезінде депутат Жанат Омарбекова «Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы қысқаша баяндама жасап, елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 162 мың бала бар екенін атап өтті. Бұл жалпы бала санының 2,7%-ы.

Жанат Омарбекова

Депутат келтірген сандарды тексереміз

Үкім: Үкім жоқ

Өткен жылдың ортасында айтылған арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының (бұрын — Түзету педагогикасының ҰҒПО) деректері бойынша Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 161 156 бала бар және бұл елдегі жалпы бала санының шамамен 2,7%-ын құрайды. Дегенмен бәрі түсінікті емес. 2020 жылдың соңында білім беру министрі Асхат Аймағанбетов үкімет отырысында сөз сөйлеп, елде ерекше білім беруді қажет ететін адамдар саны 140 мың шамасында екенін және оның ішінде балалар ғана емес ересектер де бар екенін айтты. Тексереміз.

Статистикадағы айырмашылық таңқалдырады, себебі арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ҚР БҒМ-нің құрамында. Мекемеде ерекше білім беруді қажет ететін бала санына қатысты нақты статистика жоқ па сонда деген ойға қаламыз. Әлде қандай де бір қателік кетті ма екен?..

Деректер қарама-қайшы болып тұрғандықтан, мәлімдемені үкімсіз қалдырамыз және нақты әрі өзекті статистика жарияланғанын күтеміз.

Оған қоса 2017 жылы ҚР БҒМ бала құқықтарын қорғау комитеті «Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндамада» 2016-2017 оқу жылында ерекше білім беруді қажет ететін бала саны 144 783 болғанын хабарлаған. Ұлттық статистика бюросының сайтында одан кейінгі мәліметтер жарияланбаған.

Фактчек | Депутат Омарбекова ерекше білім беруді қажетсінетін балалар туралы

Ерекше білім беру қажеттілігі деген не?

Ерекше білім беру қажеттілігі – оқу процесі кезінде сапалы білім алу үшін көмек пен қызметтерге деген қажеттілік.

Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) — дамудың бұзылуы; мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар; қоршаған орта факторлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) салдарынан тиісті деңгейде білім алу кезінде тұрақты немесе уақытша қиындықтарға тап болған адамдар (балалар).

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz