Фактчек | Депутат Бейсенбаев Қазақстандағы интернет-алаяқтық туралы

28 сәуірде Мәжілістің кезекті жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев азаматтарға онлайн-қарыз беру ережесін қайта қарауды ұсынды. Өйткені елде халыққа микрокредит беруге қатысты алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті.

Оның сөзі 1:53:13-те басталады

Депутаттың айтуынша, алаяқтар зардап шегушілердің жеке дерегін пайдаланып, олардың атынан заңсыз онлайн-несие рәсімдейді. Оның мәліметінше, мұндай проблемаға тап болған азаматтар бірнеше рет Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына хабарласқан.

Сондықтан ол клиенттерді сәйкестендіру анықтамасын күшейту тұрғысынан электрон құралдар және басқа да реттеуші құралдар арқылы шағын несие беру ережелеріне өзгертулер енгізу қажет деп санайды.

Factcheck.kz редакциясы депутат айтқан деректерді тексерді.

Мәлімдеме: «Ішкі істер органдарының ресми ақпараты бойынша, 2019 жылы интернеттегі алаяқтыққа қатысты 7 732 қылмыс тіркелген, ал 2020 жылы мұндай фактілер саны екі есе көбейіп, 14 110 қылмыс болған».

Елнұр Бейсембаев

Үкім: Шындық және Техникалық қате

Осы уақытқа дейін Қазақстанда интернеттегі алаяқтыққа байланысты қылмыс саны, шынында, екі есе өсті. Бірақ депутат мәліметі ҚСК (Құқықтық статистика комитеті) дерегіне толық сәйкес келмейді, ол аралық есепті қолданған сияқты.

Құқықтық статистика комитеті мәліметі бойынша, 2019 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде интернет желісіндегі алаяқтыққа қатысты 7 769 оқиға тіркеліп, 2020 жылы бұл көрсеткіш 14 220 іске өсті. Сонымен қатар, 2021 жылдың 3 айында осыған ұқсас 6905 заңбұзушылық тіркелді.

Мәлімдеме: «2020 жыл қорытындысы бойынша, микрокредит ұйымдарының интернет-сайты арқылы онлайн-қарыз алу кезінде 3 мың құқықбұзушылық жасалды»

Елнұр Бейсембаев

Үкім: Үкім жоқ

Ішкі істер органдарының статистикасында микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн-қарыз беруді бұзу саны туралы ақпарат жоқ. Микроқаржы ұйымдары жасаған бұзушылықтар туралы жалпы қол жеткізе алатын мәліметтер бар, бірақ олар ақпарат көзіне байланысты әртүрлі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мәліметі бойынша, 2020 жылы азаматтардан коллектор агенттіктер, брокер компаниялар және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын және онлайн-микроқаржы қызметтерін ұсынатын ұйымдардың қызметіне байланысты 1464 өтініш түскен.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 9 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдарының, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың және коллектор агенттіктері қызметіне қатысты 1458 өтініш қарағанын хабарлайды.

Сонымен қатар, 2020 жыл қорытындысыбойынша, бұл агенттік қаржы қызметтерін тұтынатындар құқығын бұзғаны үшін микроқаржы ұйымдарына 85,1 млн теңге айыппұл салды. Микроқаржы ұйымдарына 262 жазбаша бұйрық пен 165 әкімшілік жаза қолданылды.

Құқықтық статистика комитеті 2020 жылы несиесаласында тоғыз алаяқтық оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

Мәлімдеме: «Интернетте кез келген азаматтың жеке кабинетіне кіру арқылы 2,2 мыңнан астам алаяқтық қылмыс тіркелді, олардың пластикалық карталарындағы шотынан ақша ұрланды».

Елнұр Бейсембаев

Үкім: Үкім жоқ

Банк карталарындағы ұрлық «Ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу немесе телекоммуникация желілері арқылы берілетін ақпаратты өзгерту арқылы ұрлау» бабына жатады. Дегенмен ішкі істер органдарының есептерінде бұл қылмыс түрі туралы баған жоқ. Тек 2020 жылы 67 254 ұрлық тіркелгені хабарланған, бірақ олардың қаншасы банк карталарынан жасалғаны айтылмайды.

Сонымен қатар, Құқықтық статистика комитеті есебінде былтыр төлем карталарын алаяқтық жолмен пайдалану бойынша 468 оқиға және жалған карталарды жасау немесе сату бойынша бір жағдай болғаны көрсетілген.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі өкілдері айтуынша, ресми статистика әрқашан объектив деректер көрсете алмайды, өйткені аз мөлшердегі ақшасы жымқырылған қазақстандықтар әрдайым құқық қорғау органдарына хабрласа бермейді.

Factcheck.kz