Фактчек | Дания Еспаева пандемия кезіндегі дәрігерлерге арналған төлемдер және медицина кадрлары жетіспеушілігі туралы

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің кезекті пленар отырысында «Ақ жол» фракциясы депутаты Дания Еспаева премьер-министр атына пандемия жағдайын ескере отырып, дәрігерлерді материалдық тұрғыда қамтамасыз етуге қатысты нормаларды енгізетін дәрігер мен денсаулық сақтау қызметкерлері мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу туралы өтініш білдірді. Сауалда көрсетілген мәлімдемені тексереміз.

Пікір: Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 182 дәрігер мен медқызметкер басқа адамдарды коронавирустан құтқару кезінде қызметте қайтыс болды.

Дания Еспаева

Үкім: Шындық

Шынында, 21 қазанда Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде 182 дәрігердің қайтыс болғанын растап, «барлық 182 отбасы өтемақы алды» деп мәлімдеді. Өтемақы мөлшері – 10 миллион теңге.

Дегенмен бұған дейін 1 қазанда Денсаулық сақтау министрі баспасөз конференциясында: «…Қазақстанда 182 медицина қызметкері COVID-19 вирусынан және пневмониядан қайтыс болды, аймақтық комиссиялар өлім кәсіби қызметті жүзеге асырумен байланысты болған 56 өтінішті мақұлдады. Жалпы, бүгінге дейін қайтыс болған медицина қызметкерлерінің 36 отбасы өтемақы алды», – деді.

Пікір: Ақ халаттылардың 13 000 батыры эпидемиямен ауырған.

Дания Еспаева

Үкім: Шындық

1 қазанда министр былай деді: «Бүгінгі күні 12 830 медицина қызметкері COVID-19 вирусымен және пневмониямен ауырған, оның ішінде кәсіби қызметпен байланысты медицина қызметкері саны –  8 339. Аймақтың комиссиялар 8 320 өтінішіті қарап, оның тек 67%-і (5597) вирусты кәсіби қызметі барысында жұқтырғанымен байланысты екенін растады». Бірақ 21 қазанда бұл цифр өзгерді (қоғам қысымынан болуы мүмкін), Марат Шоранов вирус жұқтырған 12 983 медицина қызметкерінің 9 309-ы расталғанын (72%) айтты. Төлем мөлшері – 2 млн теңге. Баспасөз конференциясы кезінде 8 863 дәрігер өтемақы алып үлгерген.

Фактчек | Дания Еспаева пандемия кезіндегі дәрігерлерге арналған төлемдер және медицина кадрлары жетіспеушілігі туралы

Пікір: Еуропада кейбір ел медицина қызметкері жетіспеуіне байланысты дәрігерлерді, медбикелер мен санитарларды оларға кететін шығынды есептемей-ақ шақырады. Біздің елде мемлекет ресми міндеттемелерден ашық түрде бас тартады және қажет болған жағдайда өзінің шешімін қайта қарайды.

Дания Еспаева

Үкім: Жартылай шындық

Шынында, ЭЫДҰ-ның кейбір елі пандемия кезінде еңбек мигранттарын пандемияға қарсы күрестің негізгі активтері деп таныды және олардың келуіне және біліктілігін мойындауына ықпал ететін саясат енгізді. Елдер сол аумақта болуды заңдастыру және біліктілікті тану тұрғысынан бірқатар процедураны жеңілдетті. ЭЫДҰ сайтында бұл туралы ақпарат бар. Бірақ жалпы қол жеткізе алатын құжаттарда басқа елдердің дәрігерлері үшін арнайы жағдайлар немесе арнайы шығындар туралы айтылмайды. Толығырақ мәліметті төменнен қараңыз.

Мемлекетіміздің ресми міндеттемелері туралы айтар болсақ, 21 қазанда жоғарыда аталған брифингіде Марат Шоранов вирус жұқтырған дәрігерлерден өтемақы алу туралы өтініш қабылдау аяқталғанын хабарлады. Өтемақы төлеу туралы бұйрық нормалары қазір ауру жұқтырған және қайтыс болған дәрігерлер үшін болмайтын болды, ал мемлекет, шын мәнінде, барлық жауапкершілікті медицина ұйымдары басшыларына жүктеді.

Қазақстандағы өтемақы күшін жою туралы мәліметтер

Шоранов елде эпидемиология жағдайы тұрақталғанын, медицина қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілгенін айтты. Сондықтан ведомствоаралық комиссия өтініштерді қабылдауды 2020 жылдың 20 қазанынан бастап аяқтау туралы шешім қабылдады.

«Жұмыста ауру болса, бұдан кейін қолдау шаралары медицина ұйымдарының немесе кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі», – деді Шоранов. Вице-министр мұндай шешім медицина ұйымдарының басшылары үшін өз медицина қызметкерлерін қажет қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және санитар-эпидемиология режимі сақталуын бақылау үшін қосымша мотивация екенін айтты.

Толығырақ: пандемия кезіндегі Еуропадағы шетел дәрігерлері

2020 жылдың сәуірінде Еуропалық Комиссия мүше мемлекеттерді еуропалық денсаулық сақтау қызметкерлері үшін шекарадан өтуді жеңілдетуге және ЕО шеңберіндегі денсаулық сақтау мекемелерінде жұмысқа кедергісіз қабылдауға шақырды. Кейбір факт:

Ұлыбританияда денсаулық сақтау қызметкерлері визасы автоматты түрде бір жылға ұзартылады (виза мерзімі 1 қазанда аяқталатындар үшін).

Фактчек | Дания Еспаева пандемия кезіндегі дәрігерлерге арналған төлемдер және медицина кадрлары жетіспеушілігі туралы

Францияда лицензиясы жоқ шетел медицина қызметкерлеріне көмекші персонал ретінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі (бірақ емдеу ісінде емес).

Испания 2020 жылдың сәуір айының соңына қарай 400-ге жуық шетел медицина қызметкерін қабылдады.

ЭЫДҰ-ның бірқатар елі шетел біліктілігін (мысалы, Бельгия, Германия, Ирландия, Люксембург) тану туралы ағымдағы өтінімдерді жеделдетуге және рәсімдерді жеңілдетуге шешім қабылдады (мысалы, Германияда қысқартылған тілдік тест, Литвада өтетін бетпе-бет сұхбатты алып тастау, Ирландиядағы баж салығынан бас тарту).

Италия шетел медицина қызметкерлерін уақытша лицензиялауға рұқсат беретін қаулы қабылдады.

Баварияда шетел дәрігерлеріне ассистент ретінде бір жыл жұмыс істеу ұсынылды.

Пікір: Елде пульмонологтар, реаниматологтар, эпидемиологтар және рентгенологтар сияқты өте маңызды мамандықтардың 4000-ға жуық дәрігері жетіспейді.

Дания Еспаева

Үкім: Дәлелі аз шындық

Шынында, қазан айының ортасында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директоры Қанат Төсекбаев ОКҚ брифингісінде елімізде 4 122 (кешіріңіздер) медицина кадры жетіспейтінін айтты.

Мына мамандар тапшылығы көбірек байқалады:

  • анестезиолог-реаниматологтар (393);
  • терапевтілер (346,75);
  • жалпы тәжірибе дәрігерлері (319,5);
  • зертханашы дәрігерлер (226);
  • психиатрлар (213);
  • акушер-гинекологтар (203,5);
  • педиатрлар (202,75);
  • жұқпалы аурулар бойынша мамандар (121,5);
  • эпидемиологтар (102,5);
  • неонатологтар (85,25).

Қорытынды

  • Спикер Қазақстандағы кадр жетіспеушілігі көп медициналық мамандықтар тізімі тұрғысынан аса дәл болмады.
  • ЕО-ның кейбір елі, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Америка медицина персоналдары жетіспеуіне байланысты виза режимін және біліктілікті тануға бағытталған шараларды жеңілдететнін қадамға барды, бірақ шетел дәрігерлеріне арнайы жағдай жасау туралы сөз болмады.
  • Шынында, мемлекет әлеуметтік мемлекет қоры арқылы төлем жасау бойынша міндеттемелерден бас тартты, бірақ ол өз шешімін «қажетіне қарай» қайта қарады деп айту мүмкін емес. Шын мәнінде, қазір Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс орындарындағы инфекция жұқтыру (және оған өтемақы төлеу) жауапкершілігін медицина ұйымдары басшыларына жүктеді.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz