Фактчек | Бақыт Сұлтанов: Астана аумағы мен жұмыссыздық деңгейі туралы

9 қаңтар күні Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қала активімен кеңейтілген аппараттық кеңесінде сөз сөйлеп, Қазақстан астанасының 20 жыл ішіндегі басты жетістіктерін атады. Сұлтанов 20 жыл ішінде Астана қаласының аумағы 3 есеге, тұрғындар саны 4 еседен  артқанын, орташа жалақы 10 мың теңгеден 230 мыңға дейін өскенін және жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға азайғанын мәлімдеді.

Бұл мәлімдемені еліміздегі бірқатар БАҚ жариялады. Осы орайда, Сұлтанов мырзаның айтқан мәлімдемелерін Статистика комитетінің деректерімен салыстырып, тексеріп көруді жөн көрдік.

Мәлімдеме: Қала аумағы 3 есеге артып, тұрғындар саны 4 еседен аса жоғарылады (1997 ж – 300,5 мың адам, 2018 ж – 1065,9 мың адам)

Үкім: Жалған

Шын мәнінде 1998 жылы Астана қаласының ауданы 300 шаршы шақырымды құраған. Ал  қаланың бүгінгі таңдағы ауданы 797,33 шаршы шақырым. Яғни, 20 жыл ішінде қала ауданы 3 есе емес, 2,66 пайызға артқан. Сонымен қатар Астана қаласы Қазақстанның жаңа астанасы болып хабарланған күннен бастап (Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығы) қала халқының саны 3,5 есеге, яғни 769 691 адамға артты. Халық саны 1998 жылдың басында 300 мың 505 адам болса, 2018 жылдың соңында 1 миллион 70 мың 196 адамға дейін көбейген. Түйін: Әкім Сұлтановтың 20 жыл ішінде қала аумағы 3 есеге, тұрғындар саны 4 еседен аса жоғарылады деген сөзі расталмады.

Мәлімдеме: Жұмыссыздық деңгейі 1998 жылдан бері 12,8%-дан 4,5%-ға азайды, бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш

Үкім: Манипуляция

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылы Астана қаласында жұмыссыздар саны – 23 822 мың адамды құраса (1998 жылы – 21,4 мың адам), яғни жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр. Ал 1998 жылы Астанада 21,4 мың адам жұмысыз болып, жұмыссыздық көрсеткіші 13 пайызға жеткен. Жұмыссыздық туралы мәлімдеменің деректер манипуляциясы екенін көруге болады.

2018 жылы Қазақстан бойынша ең төменгі жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайыз Қарағанды облысы мен Астана қаласында тіркелген.

Фактчек | Бақыт Сұлтанов: Астана аумағы мен жұмыссыздық деңгейі туралы
Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметі

 

 

Factcheck.kz