Фактчек | Байбек: «Елдегі өмір сүру ұзақтығының ең жоғарғы көрсеткіші Алматыда»

23 қазан күні мэрлер саммитінде Бауыржан Байбек «Елдегі өмір сүру ұзақтығының ең жоғарғы көрсеткіші Алматыда»; «40 жыл бұрын қазірге дейін негізгі қағидалары орындалатын алматы декларациясы қабылданды»; «Қазір Алматыда 160 медициналық ұйым жұмыс істейді, барлығы заманауи құрылғымен жабдықталған» деп айтты. Мұнда сіз әкімнің аталған шарада жасаған мәлімдемелеріне арналған алғашқы фактчек материалды оқисыз.

Аким Алматы

Мәлімдеме: Елдегі өмір сүру ұзақтығының ең жоғарғы көрсеткіші Алматыда

Үкім: Жалған

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті әкімнің сөзін жоққа шығарады. Олар өз құжаттарында аймақтар бойынша күтілетін орта жас мөлшерін төмендегідей көрсеткен (2017 ж.):

Продолжительность жизни в Алматы

Көріп отырғанымыздай Астана қаласы Алматыны да, Қазақстанның басқа қалаларын да басып озды.

Мәлімдеме: Қазір Алматыда 160 медициналық ұйым жұмыс істейді, барлығы заманауи құрылғымен жабдықталған

Үкім: Шындық

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының сайтынан келісім-шарт негізінде сатып алынған кепілді көлемнің аясында 2018 жылы тегін медициналық қызметтер тізімін көруге болады. Тізімде 171 субъект бар. Жалпы медициналық ұйымдарды айтатын болсақ, Алматы қаласы статистика комитеті бақармасының «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» қысқаша статистикалық бюллетень» құжатында қала бойынша «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер» деген қызметпен 913 заңды тұлға тіркелгені айтылған.

Құрылғылар туралы: Үкім жоқ

Құрылғыны сатып алып (республикалық бюджет есебінен алынады, яғни әңгіме жекеменшік клиникалар туралы емес) «СК-Фармация» ЖШС қаржылық лизингі ережелеріне сәйкес медициналық ұйымдарға жібереді. Сатып алу тендерден кейін болады. Реттеуші – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті.

«Фармакологиялық және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға» қатысты реттеуші құқықтық-нормативтік базамен мына жерден танысуға болады.

Мысал ретінде: бұйрықтар

Біз жүз пайыз жаңа құрылғымен жүз пайыз жабдықталғаны туралы сұраққа жауап бере алмаймыз. Біз басқа да азаматтар сияқты сапалы сарапшылық бағалау «(онымен «Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Ұлттық сараптама орталығы» айналысады), сатып алудың баламалығы мен ережелердің сақталғанына сенеміз.

Мәлімдеме: 40 жыл бұрын негізгі ережелері әлі күнге сақталып келе жатқан алматы декларациясы қабылданған

Үкім: Шындық

Расымен, 1978 жылдың 12 қыркүйегінде ДДСҰ патронажы аясында өткен Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша халықаралық конференцияда алматы декларациясы қабылданды. Мына жерден декларациямен таныса аласыз.

Декларацияның негізгі міндеті – алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуда әлеуметтік және саяси теңдік: « Адамдардың денсаулық дәрежесі дамыған және дамушы елдерде, сонымен қатар саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрғыда әртүрлі, сол себепті барлық елдерге ортақ қамқорлық көрсету керектігін білдіреді…», делінген декларацияда.

Тағы да Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының сайтынан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ келісім-шарт негізінде сатып алған кепілді тегін медициналық қызметтер тізімін көреміз. АМСК қызметі көпшілігі көрсете алатын «субъектілер» тізімінде тұр. Түсініп отырғандарыңыздай, тегін медициналық қызмет көрсету теңдігі бізде бұрыннан бар. Қағида әлі күнге сақталып қалғаны қуантады. Заңның өзі мұны талап етеді.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 2-тарау , 4-бабында:

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат:

1) Азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;…
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
6) медициналық көмектің қолжетімділігі;
7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру … қағидаттары негізінде жүргізіледі.

Аким Алматы

Анықтама үшін:

Сонымен қатар декларацияда «Қазіргі уақытта көп бөлігі қаруландыру мен әскери шиеленістерді шешуге жұмсалып жатқан әлемдік ресурстарды толық әрі тиімді қолданған кезде 2000 жылға қарай әлем халықтарының денсаулығы оңтайлы дәрежеге жетуі мүмкін» екендігі айтылған.

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz