Фактчек | Атамқұлов Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіптің өсуі туралы

30 қарашада үкіметтің кезекті отырысында Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібінің дамуына қатысты мәселелер талқыланды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өзге де мәселелерді айта отырып, осы салада 2021 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында жасалған жұмыстарды қорытындылады. Оның мәлімдемесін талдаймыз.

Мәлімдеме: Биылғы 10 айының қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп тұрақты дамып келеді. Өндірістің физикалық көлемінің индексі 5,3%-ға өсіп, 13,4 трлн теңгеге жетті. Өндіріс көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артық. Саладағы барлық секторда оң өзгеріс байқалады.

Бейбіт Атамқұлов

Үкім: Шындыққа жақын

Шынында, Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, былтырғы жылдың алғашқы 10 айында өңдеуші өнеркәсіп көлемінің құны 10,4 трлн теңгеге жеткен, ал биыл осы аралықта 13,4 трлн теңге болды. Өндірістің физикалық көлем индексі өткен жылдың осы кезеңіне, яғни 2020 жылдың қаңтар-қазанына қатысты 105,3% (өсім 5,3%) болған. Сала үшін маңызды секторларда өсім байқалады.

Оң өзгеріске келер болсақ, Қазақстандағы қызмет түрі бойынша өңдеуші өнеркәсіп индексі құжатын талдар болсақ, 2021 жылғы есеп беру кезеңінде экономикалық қызметтің көптеген санатында (бөлігінде) өсім байқалады.

Атамқұловтың әр сөзін мұқият талдайтын болсақ, ол «барлық сектор» туралы айтқанда деректерді жалпылама келтірген. «Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жұмысының негізгі көрсеткіштері, 2021 жылдың қаңтар-қазаны» құжатында жоғарыда аты аталғандардың 250-ден аса тобы, топшалар, шартты түрде айтқанда өңдеуші өнеркәсіпке жататын тауар түрлері бар. Олардың 80-де қысқару байқалған. Түсінікті болу үшін, өндірісі құлдыраған экономикалық қызметтің санаттары мен ішкі санаттары бойынша бірнеше біріктірілген (екі құжаттан да) мысал келтірейік:

Табак өнімдерін өндіру – өткен жылға қатысты өнеркәсіптік өндіріс индексі – 97,5%, тоқыма бұйымдары – 95,2%, негізгі асыл және түсті металдар – 97,4%, металлургия өндірісі – 99%, өсімдік майлары мен жануарлар майы өндірісі – 99,9%, шоколад — 86%, табиғи жүзім шарабы; жүзім суслосы – 59,9%.

Көрсетілген кезеңдегі өңдеуші өнеркәсіптің топ, топша және бірнеше тауар түрі бойынша жұмыс көрсеткіштері:

Қызықтырарлық (біздің пікірімізше) аутсайдер (кенет Қазақстанда мұндай өндіріс болған және қазір де бар (бар деуге болады) екені белгілі болды) төмендегідей:

  • Бір корпуста кемінде орталық процессор мен енгізу және шығару құрылғысы бар, құрамдастырылған немесе жекелеген блоктарда орналастырылған сандық есептеу машиналары – 12,5%.
  • Радиохабар қабылдағыштармен немесе дыбыс – немесе бейнежазба әлде қайта жаңғыртатын құрылғымен біріктірілген немесе біріктірілмеген теледидар қабылдағыштары — 38% (өткен жылға қатысты өнеркәсіптік өндіріс индексі).

Қорытынды

Жалпы 2021 жылдың алғашқы 10 айында өңдеуші өнеркәсіп өскен, өндірістің жеке топтары мен топшаларында төмендеу бар болғанымен, бұл – Қазақстан экономикасы үшін аса маңызды секторлар емес. Спикер жалпы дұрыс деректер келтірген, осы уақыт аралығында оң өзгеріс бар деп айтуға болады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz