Фактчек | Алтай Көлгінов: БҚО-ның 45 %-ын ауыл тұрғындары құрайды

10 қаңтар күні БҚО-ның әкімі Алтай Көлгінов Tengrinews сайтына берген сұқбатында БҚО-да 650 мыңнан астам халық тұратынын және оның 45 %-ы ауыл тұрғындары деп айтты. Factcheck.kz Алтай Көлгінов айтқан ақпараттың рас-өтірігін тексеріп шықты.

Үкім: Жартылай шындық

Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің ресми сайтындағы деректерге сәйкес, расымен де БҚО-да 652 314 адам тұрады. Ал облыс бойынша ауыл тұрғындарының саны 313 065 адамды құрайды. Пайыздық көрсеткішпен ол 45 %-ды емес, 47,99 %-ды көрсетеді.    

Фактчек | Алтай Көлгінов: БҚО-ның 45 %-ын ауыл тұрғындары құрайды
Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің ресми сайтындағы дерек

Бұдан бөлек, Алтай Көлгінов tengrinews сайтына берген сұқбатында «Жыл сайын БҚО-да халық саны көбеюде. 2010 жылы 600 мыңдай халық тұрса, қазір 650 мыңнан жоғары» деп айтқан болатын. Factcheck.kz БҚО-дағы 2010 жылдан бастап, 2019 жылға дейінгі  халықтың өсу көрсеткішін тексеріп шықты.

Үкім: Шындық 

Статистика деректеріне сәйкес, Батыс Қазақстан облысында шынымен де адам санының артуы байқалады. Мәселен, 2010 жылы 607,1 мың адам болса, 2019 жылдың 1 қаңтарында облыс тұрғындарының саны 652,3 мың адамға жеткен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz