Фактчек | Әлібек Қуантыров инфляция туралы

18 қаңтарда өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров инфляцияға қатысты бірнеше дерек келтірді. Factcheck.kz министр мәлімдемелерін тексеріп көрді. 

Тайм-код: 24:42:00

Өткен жылдың қыркүйегінде инфляция бір жылдың ішінде ең жоғарғы мәндерге жетті.

Әлібек Қуантыров

Үкім: Шындыққа жақын

Расымен, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылдың қыркүйек айында инфляция 0,4%-ке өсіп, 8,9%-ке жеткен. Төмендегі инфографикадан расымен бұл өткен жыл үшін ең жоғарғы өсім болғанын көреміз. Алайда, бұл көрсеткіш қыркүйекте ғана емес, қазан айында да сақталғаны министр ақпаратында айтылмады. Сондықтан мәлімдемеге “Шындыққа жақын” үкімін қойдық.

Бағаның өсуін тежеу мақсатында өткен жылдың қыркүйегінде 2021-2024 жылдарға инфляцияға қарсы шаралар кешені қабылданды. […] Шаралар кешенің іске асыру қорытындылары бойынша экономикаға инфляциялық қысымды төмендетуге қол жеткізілді. Соның нәтижесінде 2021 жылы желтоқсанда инфляция қыркүйектегі ең жоғарғы мәндермен салыстырғанда 0,5 проценттік тармаққа баяулады. Ал басқа елдерде инфляция қарқыны өсу үрдісін жалғастырды.

Әлібек Қуантыров

Үкім: Шындық және техникалық қате

Неліктен шындық: Министр Қазақстан туралы мәлімдемесінде қателеспеді. Ұлттық статистика бюросының мәлеметінше, былтыр желтоқсанда инфляция 8,4%-ті құрады. Ал қыркүйекте бұл мән 8,9% болғанын ескерсек, расымен 0,5 процентке баяулаған.

Бұдан бөлек министр “Ал басқа елдерде инфляция қарқыны өсу үрдісін жалғастырды” деп презентациясында Қазақстандағы инфляция деңгейін АҚШ, Германия және Ресеймен салыстырды.

Фактчек | Әлібек Қуантыров инфляция туралы
Тайм-код: 24:56:00

Неліктен техникалық қате: АҚШ еңбек департаменті статистика бюросының мәліметі мен Ресейдің Орталық банк дерегіне сүйенсек, министр презентациясында екі ел туралы қателеспеді. Германияның Федералдық статистика басқармасының дерегі мен министр көрсеткен ақпаратты салыстырсақ, инфляция деңгейі қыркүйек, қазан және қараша айларында сәйкес келеді. Ал желтоқсан айында инфляция 5,3%-ті құраған. Министр өз дерегінде бұл ақпаратты 6% деп көрсеткен.

Контекст: Министр мысалында АҚШ, Германия, Ресейдің инфляция деңгейі өскен төрт айдың статистикасы көрсетілді. 2021 жылдың ай сайынғы қорытындысы төмендегі инфографикада:

Фактчек | Әлібек Қуантыров инфляция туралы
Дереккөз: ҚР Ұлттық Банкі, АҚШ еңбек департаменті, Германияның Федералдық статистикалық басқармасы, РФ Орталық банкі

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz