Фактчек|Дәурен Абаев ішкі туризмнің дамуы туралы

1 маусымда өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ішкі туристер саны және көрсетілген қызметтер туралы бірнеше дерек келтірді. Factcheck.kz министр сөзі қаншалықты рас екенін тексерді.

Тайм-код: 46:17:00

2021 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 50%-ға өсті. Бұл — 6,9 млн адам. Аталған көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда шамамен 300 мың адамға жоғары.

Дәурен Абаев

Үкім: Шындыққа жақын

Шындыққа жақын: Ұлттық статистика бюросының дерегінше, пандемияға дейінгі кезең 2019 жылғы ішкі туристер саны — 6 657 500. Бұл 2021 жылы шамамен 250 мың адамға өсіп, 6 910 100 адамды құраған (анықтама үшін, 2020 жылғы ішкі туристер саны — 4 463 200)

Төмендегі инфографикада соңғы он жылға ішкі туристер саны берілген. 2021 жыл қорытындысын 2012-2013 жылдармен салыстырғанда, туристер саны шамамен 50%-ке өскен.

Көрсетілген қызметтердің көлемі карантинге дейінгі кезеңмен бірте-бірте теңесті. 2021 жылы көрсеткіш 109 млрд теңгені құрады.

Дәурен Абаев

Үкім: Шындық

Орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі 2021 жылы 109 млрд теңгені (2020 жылы — 47 млрд) құрады. Бұл қызмет көлемі карантинге дейінгі кезеңде 2019 жылы — 120 млрд теңгені (2018 жылы — 104 млрд теңге) құраған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz