Factcheck.kg және бірнеше қырғызстандық сайт бұғатталды

17 желтоқсан Factcheck.kg сайты хакерлердің шабуылына ұшырап, бұғатталды. Бұл туралы сайттың бас редактор Болот Темиров өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Factcheck.kg және бірнеше қырғызстандық сайт бұғатталды
factcheck.kg

Сонымен қатар, kaktusmedia.net, medialaw.kg, ekonomist.kg және kloop.kg сайттары да бұғатталды.

Журналист Асель Соронбаеваның айтуынша, сайт Раимбек Матримовтың әйелі жайында зерттеу жариялағаннан кейін 2 сағат ішінде бұғатталған. Қырғызстандық әріптестемріміздің айтуынша, мұндай қателер бұрын болмаған.

Factcheck.kg – ашық дереккөздердің көмегімен фактілер мен мәлімдемелерді тексеретін Қырғызстандық сайт.

(Материал толықтырылуда…)

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz