Facebook жаңа функциясын сынақтан өткізіп жатыр

Facebook әлеуметтік желісі қолданушыларға негізгі бағдарлама арқылы видео және аудио қоңырау жасауға мүмкіндік беретін функцияны сынақтан өткізіп жатыр. Бұл туралы Bloomberg сайты хабарлады.

Bloomberg дерегінше, бұған дейін желі қолданушылар Messenger қосымшасы арқылы қоңырау шалған.

Жаңа өзгерістер енгізілсе Facebook пайдаланушылары негізгі қосымшамен аудио және видеоқоңырау шалуға мүмкіндігі болады.

Әзірше, эксперимент АҚШ-тан басқа қай елде жүргізілетіні айтылмаған.

Контекст

Бұған дейін Telegram желісінің жаңа нұсқасында 1000-ға жуық пайдаланушы топтық видеоқоңырауға қатыса алатыны хабарланған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz