Facebook жалған ақпаратпен күресуде

Жалған ақпаратпен күресуде Facebook фактчекерлермен серіктестікті бастады.

Марк Цукербергтен Европарламентте жауап алу кезінде Brexiteer көшбасшысы Найджел Фарадж Facebook жетекшісіне төмендегідей сауал жолдаған еді:

Контенттің қолданысқа жарамды немесе жарамсыз екендігін кім шешеді? Үшінші тарапта  атап өткен фактчекер дегеніңіз кімдер? Ол қандай адамдар? Неге осы тұсқа байланысты айқындық жоқ?.

Facebook-тегі деректерді тексеру және жұмыс әдістері жайында ақпаратты сілтемені басу арқылы оқысаңыз болады. Бүгін біз Facebook пен IFCN (Біз толыққанды мүшесі болып табылатын ұйым) әріптестігі жөнінде ақпарат бермекпіз.

Fake news-пен күрес: бұл қалай іске асады?

Біріншіден, Facebook Халықаралық фактчекерлер желісінің (International Fact-Checking Network) сертификатын алған көптеген ұйымдармен жұмыс істейтіндігін айта кеткен жөн.

Facebook жалған ақпаратпен күресуде

Мәтін фактчекерлердің тексеруінен өткен соң оған өзіне тиесілі баға беріледі:

  1. Жалған: материалдағы ақпарат дерекке сәйкес келмейді.
  2. Дәлсіздік: мақаладағы ақпарат дұрыс әрі қате деректерден құралған. Мақала аяқсыз, әрі оқырманды жаңылыстырады.
  3. Шындық: Мақаладағы ақпарат нақты деректерге сәйкес келеді. Бұл дәлелдерді тексеруге арналған сайттарда «шындық» немесе «басымы шындық» деп бағаланады.
  4. Үкім жоқ: дерек тексеруден өткенге дейінгі қойылатын статус. Егер статус еш өзгеріссіз қалса (немесе баға берілгеннен соң қайта сол қалпына түссе) біз ешқандай шара қолданбаймыз.
  5. Қолданысқа жарамсыз: мақаладағы мәлімет деректерге сүйене отырып жазылғанына көз жеткізе алмаймыз, алайда қосымша контекст кедергі етпейді (мысалға, сатира, пікір, сауалнама яки тест).
  6. Пранкті көздейтіндер: тұтынушыларға әлеуметтік желіде жаңалықтар жариялауға жеке жалған парақшалар ашуға мүмкіндік беретін сайттар.

Қорыта айтсақ:

Осы сынды контенттердің таралымы қысқаруы тиіс, контенттің өзі белгіленіп, сәйкесінше жаңалықтар лентасында төменде орнығып, онымен бірге қатарды ұқсас мақалалар бөлісуі қажет.

Жалған ақпараттармен күресте әсерлі нәтижеге жету мақсатында, Facebook қолданушыларды жаңылыстыратын контенттер тарататын парақшалар мен домендерге қарсы шара қолдануда. Жалған дерекке жүгінген  парақшалар мен домендер неғұрлым жиі ережені бұзса, соғұрлым олардың контенттерінің таралымы төмен болмақ. Ережені жүйелі түрде бұзулары, оларды контентті монетизациялау мен жарнамалар орналастыру мүмкіндігінен айырады.

Парақшалар мен домендер уақыт өте келе, жалған контент таратуды қою шартымен, тыйым салынған функцияларға қайта қол жеткізе алады.

Материал соңында мына видеоны көруге кеңес береміз.

 

 

 

 

 

 

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz