Facebook WhatsApp пен Instagram-ның атауын өзгертеді

Facebook компанияның бренд атауын WhatsApp желісінің атауына қосады. The Information сайтының хабарлауынша WhatsApp пен Instagram-ның сипаттамасында “Facebook компаниясынан” екендігі көрсетіледі.

Өзгерістер Apple құрылғыларына арналған Instagram-да және Ресей үшін Android платформасында байқалады. Сайтқа кіру парағында және қосымшалардың баптауларында инстаграмның фейсбук компаниясына тиесілі екендігі жазылған.

Компанияның ресми өкілі The Information басылымына берген сұхбатында Facebook қай қызмет түріне және өнімдерге иелік ететінін көрсеткісі келетінін айтты. 

The Wall Street Journal газеті Facebook-тің қосымшалардың атын өзгертіп,”кімнің бастық екенін көрсеткісі келеді” деп жазды. Марк Цукерберг компания атауын басқа әлеуметтік желілерге қосу ойын 2018 жылы  басқа басшыларымен талқылады. Дегенмен, кейбір басшылар Цукербергтің бұл ойын құптамады. Олардың айтуынша Facebook-тің басынан өткен бірқатар жанжал Instagram мен WhatsApp-қа кері әсерін тигізуі мүмкін еді. Мұны маркетингтік зерттеуі растады: желі қолданушылар инстаграмның Facebook-ке тиесілі екенін білсе, оған төмен баға беретін еді. Ал, Цукербергтың ұсынысын қолдағандар инстаграмның беделі Facebook-тің беделін көтеруге көмектеседі деген ойда болды. 

The Information сайтының айтуы бойынша, Facebook-тің Instagram және WhatsApp-тан оқшаулануы оларға қолданушылардың жеке дерегінің таралып кетуге байланысты бірқатар дау-дамайлардың алдын алуға көмектесті.

Тамыздың 2-сі The Wall Street Journal  Facebook-ке қатысты АҚШ Федералдық сауда комиссиясының жаңа тергеуі туралы хабарлады. Тергеу нәтижесінде компания $5 миллиард айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Ал, билік өкілдері Facebook-тің басқа компанияларды қандай мақсатта сатып алғандығын тексере бастады. FTC Facebook қарсыластардан құтылуды және бәсекелестікке кедергі жасауды жоспарламағанына көз жеткізгісі келеді. S&P Global соңғы 15 жылда жинаған мәліметтеріне сәйкес, Facebook Instagram және WhatsApp-пен қоса,  90-ға жуық компанияны сатып алды.

Facebook басқа да ірі мессенджерлермен қатар, жалған ақпараттың таралуын жеткілікті түрде алдын алмағанына байланысты түрлі елдердің билік өкілдері сынға алынды. Сәуірде сарапшылар интернет-алыптың табысы төмендейді деген болжам айтты.

Factcheck.kz