Facebook-тегі хаттар Цукербергтің деректерді қорғау мәселелеріне қатысы бар екенін көрсетті

Facebook қолданушыларының жеке деректерінің қауіпсіздігіне қатысты мәселелеріне әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің қатысы болуы мүмкін. Цукербергтің қатысын Америка билігінің компанияға қатысты жүргізген тергеу барысында табылған хаттар дәлелдейді. Бұл жайлы Tjournal сайты The Wall Street Journal басылымына сілтеп хабарлады.

Іске қатысты хаттар 2012 жылы жазылған. Ол кезде АҚШ федералдық сауда комиссиясы Facebook-ке жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Оған қарамастан топ-менеджмент және Цукерберг комиссияның талабын басты тапсырмалар тізіміне еңгізбеді. 

Басылымның болжауынша анықталған хаттарды жариялау қаупі компанияны Федералдық Сауда Комиссиясының талаптарын тез арада қанағаттандыруына мәжбүрлейді. Былтыр Cambridge Analytica компаниясы арқылы 50 миллион адамның жеке деректері жарияланған еді.

Factcheck.kz