Facebook-те техникалық ақау болды

24 тамызда Facebook-те болған ақаудан қолданушылар өзге пайдаланушылардың парақшасына жазба орналастыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы The Verge хабарлады.

The Verge дерегінше, Lady Gaga, Nirvana және The Beatles секілді танымал тұлғалардың аккаунтында күмәнді жазбалар пайда болған.

Кейбір қолданушылар ақауды пайдаланып, PayPal арқылы қайырымдылық жасауға немесе криптовалюта жобаларын жарнамалаған.

Кейінірек Meta өкілі Александру Войка (Alexandru Voica) ақауға «конфигурацияның өзгеруі» себеп болғанын және оның түзетілгенін мәлімдеді.

Контекст  

  • Желіде Meta компаниясының негізін қалаушыcы Марк Цукербергтің 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі қайғылы оқиғаға қатысты жазған жазбаның скриншоты тарады. Reuters агенттігі жазбаның қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz