Facebook медицина туралы күдікті жазбалардың рейтингін төмендету туралы шешім қабылдады

Facebook медицина жайлы күдікті және “сенсациялы” жазбалардың рейтингін төмендете бастады. Жазбаларды жариялау жүйесіндегі өзгерістерді компания өзінің ресми сайтында хабарлады. 

Жүйедегі жаңа өзгерістер өткен айда еңгізілген. Осылайша, денсаулық жайлы “сенсациялы” жазбалардың “бағасы” төмендеді. Сонымен қатар,  белгілі бір тауар сатуға бағытталған жазбалар да қадағаланады. Хабарламада:

«Біз сапасы төмен, кликбэйт жазбалардың санын азайтып, мәселені шешуге тырысудамыз. Жүйе денсаулық жайлы немесе медициналық өнімді сату мақсатында қолданылатын кең тараған “сенсациялы” сөз тіркестерін анықтайды» деп айтылған.  

Сапасы төмен медициналық контентпен күрес әлі де жалғасатыны анық.

Бірқатар мемлекет басшылары ірі әлеуметтік желілер, мессенджерлермен қатар Facebook-ті те қатаң сынға алды. Олардың айтуынша бұл компаниялар фейк жаңалықтармен күресуге жеткілікті мән беріп жатқан жоқ. Бұл жағдай компанияның кірісіне де әсер етуі мүмкін. 

Factcheck.kz