Facebook фейкке қарсы шаралар қолданады

Facebook фейк таратушыларға қарсы шараларды күшейтеді. Сонымен қатар, дезинформация таратқандар туралы ақпаратты пайдаланушыларға жариялайтынын ескертті. Бұл туралы Facebook өзінің ресми парақшасында хабарлады.

Әлеуметтік желі әкімшісі бірнеше рет «фейктерді жариялады» деп айыптаған пайдаланушының ақпарат таратуына шектеу қояды. Яғни, пайдаланушы фактчек маманы жоққа шығарған материалды таратуды жалғастырса, оның материалы жаңалықтар арасында сирек кездесетін болады.

Бұған қоса, Facebook күдікті деп таныған парақшаға арнайы ескертулерді қолданатынын жазды. Егерде «фейк таратушының» материалы жаңалықтар арасынан шықса «бұл парақшада фейктер жарияланған» деп әрбір оқырманға ескерту келіп түседі. Компания өкілдерінің хабарлауынша, бұл жүйе адамдардың парақшаға тіркелу — не тіркелмеу туралы шешім қабылдауға көмектеседі.  

Контекст

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz