Facebook бет-әлпетті автоматты тану функциясынан бас тартты

Facebook әлеуметтік желісі суреттегі адам жүзін автоматты тану функциясын өшіріп тастады. Бұл туралы The Verge порталы хабарлайды.

Енді қолданушылар бұл функцияны баптаулар арқылы қосып-өшіруді өздері шешеді. Бет-әлпетті автоматты тану функциясы Facebook әлеуметтік желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істейді.

Өзгерістерге сәйкес Face Recognition қызметі Tag Suggestions-ге ауысады. Face Recognition қызметі суреттегі адам жүзін автоматты танып, сол адамды суретте белгілеуді ұсынады. Ал, Tag Suggestions қызметінде желідегі достарыңыздың сізді фотосуретте белгілеуіне шектеу қоя аласыз.

Тіпті егер біреу сіздің фотосуретіңізді платформаға жүктесе, Facebook сізді хабардар етеді.

The Verge сайтының хабарлауынша компания бірнеше апта ішінді бұл қызмет түрін алып тастамақ.

Тамызда сот Facebook-ті пайдаланушының келісімінсіз биометриялық деректерді жинады және сақтады деп таныды.

Factcheck.kz