Facebook Аустралия басылымдарына ақы төлеу туралы келісім шарт жасады

Facebook Аустралияның News Corp және Nine Entertainment Co медиа компаниясымен келісім шарт жасады. Осылайша, Facebook жергілікті басылымдардың жаңалықтар бөлімінде жарияланған мақалаға ақы төлеуге келісті. Бұл туралы The Sidney Morning Herald сайты хабарлады.

News Corp Australia дерегінше, Facebook компаниясы the Australian, The Daily Telegraph, сонымен қатар, Herald Sun ақпаратын және Sky News Australia сайтында жарияланған видеоны қолдануға бірнеше миллион долларлық келісімге қол қойды.

Келісімшартқа сай, Facebook компаниясы Sydney Morning Herald және The Age басылымдарына ақы төлейді.

Контекст

  • Былтыр Facebook компаниясы елдегі жаңа заң жобаға сай жарнама кірісін Аустралияның бұқаралық ақпарат құралдарымен бөліспейтінін мәлімдеді.
  • Биыл ақпанда Facebook жергілікті басылымдарға ақы төлеуге міндеттейтін заң жобасының салдарынан БАҚ парақшаларын бұғаттаған.
  • Алайда, Facebook Аустралия билігімен келіссөз жүргізгеннен кейін жаңалық мазмұнын қайта қалпына келтіретінін хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz