Facebook 13 жасқа дейінгі балаларға инстаграмның жаңа нұсқасын дайындап жатыр

Facebook компаниясы 13 жасқа дейінгі балаларға арналған Instagram қосымшасының жаңа нұсқасын дайындап жатыр. Бұл туралы Bloomberg.com сайты хабарлады.

Bloomberg дерегінше, компания жаңа қосымша туралы 18 наурызда хабарлаған. Қазіргі уақытта Instagram ережелеріне сәйкес, әлеуметтік желі қолданушылары 13 жастан кем болмауы керек.

“Біз балаларға арналған Messenger Kids секілді және ата-аналар бақылап отыратын қосымшаны жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз”, – деді Facebook өкілі Джо Осборн.

Контекст

  • Messenger Kids — Facebook хабарлама алмасу бағдарламасының жасөспірімдерге арналған нұсқасы. Мұнда ата-ана баланың қандай хат жазғанын бақылай алады.
  • Бұған дейін Instagram кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігі үшін жаңа функцияны іске қосқаны хабарланған. Енді кез келген желі қолданушысы 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға хабарлама жібере алмайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz