Facebook 1,3 миллиард фейк аккаунтты өшірді

Facebook компаниясы АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы энергетика және сауда жөніндегі комитетінің тексеруі қарсаңында фейк ақпаратқа қарсы қандай шара қолданып жатқанын хабарлады.

2020 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Facebook 1,3 миллиард жалған аккаунтты өшірді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау сарапшылары коронавирус және вакцина жайлы жалған материалдарды жойды.

Яғни, компания фейк ақпаратты өшірген. Компанияның хабарлауынша, 80 тәуелсіз сарапшы 60-тан астам тілде материал тексеруге көмектеседі.

Бұған дейін Facebook және Instagram әртүрлі елдердің қолданушыларына вакцинаны қашан және қайдан салуға болатынын көрсететінін хабарлаған. Сонымен бірге, қабылдауға жазылу үшін арнайы сілтемелер болады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz