Еуроодақта ресейліктерге жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салынуы мүмкін

Еуроодақ (ЕО) санкцияның алтыншы пакеті аясында Ресей азаматтарына жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салуы мүмкін. Мұндай шектеу жеке және заңды тұлғаларға әсер етеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Bloomberg мәліметінше, санкция Еуроодақ (одаққа 27 ел мүше) пен Швейцарияның азаматтығы бар немесе тұруға рұқсаты бар ресейліктерге әсер етпейді.

Сонымен қатар, ЕО еуропалық соттар мен компанияларға ресейлік мұнайды әлемде тасымалдамауды және сақтандыру саласы бойынша қызмет көрсетуге тыйым салуды ұсынады.

Reuters агенттігінің мәліметінше, ЕО елдерінің тұрақты өкілдері 4 мамырдағы кездесуде Ресей мұнайынан бас тарту туралы мәселесі бойынша нақты шешім шығармады. Атап айтқанда, Словакия мен Чехия өкілі ресейлік шикізаттан бас тартуға келісетінін, бірақ мұны кейінге қалдыру қажет екенін айтқан.

Ал Bloomberg мәліметінше, Греция, Мальта және Кипр эмбаргоның қажеттілігіне күмәнданды. Жалпы санкция күшіне енуі үшін Еуроодаққа мүше барлық елдің келісімі керек.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz