Еуроодақ хакерлерге қарсы санкцияны ұзартты

Еуроодақ хакерлерге қарсы санкцияны ұзарту туралы шешім қабылдады. Шектеу шаралары 2022 жылдың 18 мамырына дейін ұзартылды. Бұл туралы Еуроодақ кеңесінің ресми сайты хабарлады.  

Хабарламада санкцияның Еуроодақ елдерінің қауіпсіздігі үшін енгізілгені жазылған. Еурокомиссия шектеудің кибершабуыл жасаған адамдар немесе ұйымдарға қатысты екенін ескертті.

DW сайтының хабарлауынша, санкция 8 жеке тұлғаға, сонымен қатар, Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяның 4 ұйымына енгізілді. Бұл шараға активтерді тоқтату және ЕО-ға кіруге тыйым салу секілді шектеу кіреді.

Бұған қоса, Еуроодақтың санкция тізіміне енген жеке және заңды тұлғаларына қаржы беруге тыйым салынады.

Контекст

Былтыр қараша айында Group-IB сарапшылары хакерлері жиі шабуыл жасайтын елдерді атады. Бұл тізімде Қытай, Иран, Солтүстік Корея және Ресей көш бастап тұр.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz