Еуроодақ Ресейден Навальный қорын қудалауды тоқтатуға шақырды

Еуроодақ басшысы Жозеп Боррель Ресейден Навальный қорын қудалауды тоқтатуға шақырды. Еуроодақ Ресейдегі Алексей Навальныймен байланысты қор қудалануын ашық түрде айыптады. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Дипломатия басшысы Хосеп Боррелдің айтуынша, бұл қудалаушылық Ресейдің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді. Бұл мәлімдеме Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррелдің Twitter парақшасында жарияланды.


«Алексеймен байланысты ұйымдардың, оның ішінде оның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» қорының барлық қызметін тоқтату Ресейдің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді. Мен Ресей билігін жақында қабылданған шешімдерді қайта қарауға және жүйелі түрде негізгі құқықтарға қысым жасауды тоқтатуға шақырамын», – деді Боррелль.


Бұған дейін Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Алексей Навальныйдың негізгі штабтық бөлімдері желісіне жасалған шабуылын қатаң сынға алды.

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетінде журналистика мамандығы бойынша оқиды. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.