Еуроодақ Маскты жалған ақпаратпен күресуге шақырды

Еуроодақ Илон Маскты Twitter-дегі дезинформациямен “агрессив” түрде күресуге, бұрын бұғатталған қолданушыларды қайта шығарудың “еркін” әдісінен бас тартуға, “ауқымды тәуелсіз аудитке” келісуге шақырды. Бұл талаптарды Еуроодақтың ішкі нарық жөніндегі комиссары Тьерри Бретон Маскпен телефон арқылы тілдескенде айтты деп хабарлады Financial Times.

Тьерри Бретонның сөзінше, талаптар орындалмаған жағдайда ЕО-ның реттеуші органы Twitter “цифрлық қызметтер туралы” заңның стандарттарына сай емес деген қорытындыға келуі мүмкін. Оған қоса платформаға оның жаһандық айналымының 6% табысына тең айыппұл салынуы не ЕО-ның бүкіл аумағында бұғатталуы ықтимал.

Контекст

Жақында Twitter басшысы Илон Маск компания айына 8 долларға арнайы белгіні ұсынатын Blue Verified қызметін қайта іске қосуды кейінге қалдыратынын айтты. Миллиардердің сөзінше, Twitter «жеке тұлғаларға арналған арнайы белгіден гөрі ұйымдар үшін басқа түсті белгіні қолдануы мүмкін».

Factcheck.kz