Еуроодақ Лукашенконың президенттігін заңсыз деп мәлімдеді

Еуроодақтың халықаралық істер жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррель Еуропарламентте “Беларусьте 9 тамызда өткен сайлау нәтижесі бұрмаланған” деп мәлімдеді. Бұл туралы “Америка дауысы” хабарлады.

Бізге жағдай түсінікті. 9 тамызда Беларусьте өткен сайлау нәтижесі бұрмаланған деп есептейміз. Лукашенконы Беларусьтің легитимді президенті деп мойындамаймыз.

Жозеп Боррель

Светлана Тихановская бастаған Беларусь оппозициясы “Лукашенконы сайлау нәтижесін бұрмалады” деп айыптады. Лукашенко орталық сайлау комитетінің мәліметінше, 80 пайыз дауыс жинап алтыншы рет президенттік сайлауды жеңді. Беларусь президентінің билік басында отырғанына 26 жыл болған. Беларусь халқы бір айдан астам уақыт Александр Лукашенкоға қарсы жаппай митингке шығып жатыр.

Ресми Берлин Еуроодаққа мүше СІМ басшылары 21 қыркүйекте болатын Брюссельдегі кездесуде Беларуське қарсы санкция бойынша келісімге келеді деп жоспарлап отыр. Бұл туралы Германия СІМ өкілі Мария Адебар мәлімдеді.

Беларусь оппозиционері және ресми сайлаудың нәтижесіне дейін президенттікке үміткер болған Светлана Тихоновская Александр Лукашенконың биліктен кетуі уақыт еншісінде екенін айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz