Еуроодақ Қазақстанды адам құқығын сақтауға шақырды

8 қаңтарда Еуроодақтың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель Еуроодақтың Қазақстандағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Боррель зорлық-зомбылық актілерін сынап, адамдардың қаза болғанына өкініш білдірді.

Біз мәселені бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайынбыз.

Жозеп Боррель.

Ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерді және Ресейді Қазақстанның тәуелсіздігін құрметтеуге шақырды.

Сонымен қатар, ол осындай қиын кезеңде елде бейбіт жиын мен ақпарат алу құқығын, және адам құқығы мен бостандығын сақтауға шақырды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz