Ертең не болады?

Зардап шеккен әр елдегі ең негізгі саяси сұрақ – COVID-19 кесірінен болған шектеулерді (және қалай) тоқтату мәселесі. Германия канцлері Ангела Меркель бұған қатысты өршіп тұрған даулы дебатты «пікірталас жынойнағының» топтамасы деп сипаттады. 

Басты проблема – дағдарысқа байланысты өсіп келе жатқан экономика және қаржы шығындарының бөлінісін қарастыру. Тарихта таяу уақытта орын алған осыған ұқсас жағдай өткен ғасырдағы соғысаралық мерзім екені сөзсіз. 

Бірінші дүниежүзілік соғыс та COVID-19 дағдарысы сияқты айтарлықтай ұзақ мерзімді қамтыған әрі бастапқыда болжағаннан гөрі біраз уақытқа созылды. 1914 жылдың жазында көпшілігі Рождество мейрамына дейін соғыс аяқталады деп ойлаған. Дәл сол сияқты адамдар 2020 жылы қысқамерзімді карантиннен кейін вирустың таралуы тоқтайды деп үміттенді. Аталған жағдайлардың екеуінде де әуел бастан-ақ экономикалық шок қажетті деңгейде ескерілмеген еді. 

Басында қатты білінбегенімен, Бірінші дүниежүзілік соғыс бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі түрлі ұлттық жауап қату әрекетіне алып келді. Олардың әрқайсы ұзақ мерзімді құрдымға апарды, тигізген зардабы бойынша бірінен-бірі асып түсті.

Соғысып жатқан тараптың ешқайсы да жаппай әскери жұмылдырудың өтемін тек салықтан түскен ақша есебінен төлеуі мүмкін емес еді. Сондықтан соғыс қарыз алу арқылы қаржыландырылып, соңында қарыздардың басым бөлігін орталық банктер монетизациялаған. Төтенше жағдай кезінде мұндай әрекеттер қажет әрі шешім қабылдауға сай болды. Сол себепті орталық банктер төтенше жағдайға кәсіби дайыдығы мен жағдайды орнықтыра алатын патриотизмдері үшін өз-өздерін лайықты түрде құттықтап жатты. 

Әр елдің бюджетке әсер ету деңгейі салыстырмалы түрде бірдей болды. Соғыстың соңғы жылына қарай Италия, АҚШ, Ұлыбританияда дефицит үлесі ретінде соғысы шығыны шамамен 70%, Францияда 80%, Германиядан 90% құрады. Ал баға өсімі жалпы алғанда салыстырмалы еді: баға екі есе көтерілді, бірақ Ресейден тыс аймақта түбегейлі инфляция көрініс таппады. 

Айтарлықтай айырмашылықтар соғыстан кейінгі уақытта орын алды. Соғыс уақытындағы міндеттемелерінен қарызға қызмет көрсету үшін үлкен шығындарға тап болған Ұлыбритания мен АҚШ мүмкіндігінше тез арада жағдайды реттеуге тырысты. Яғни, салық мөлшерін көбейту, оның ішінде байларға жоғары салық мөлшерлемесін сала отырып бюджетті қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Мұндай қадам, яғни, шарасыз қатаң экономикаға өтудің әлемдік тәжірибесі сұранысты жойып, өте жойқын, бірақ қысқамерзімді құлдырауға алып келді. 

Ал жеңіске жеткен Германия, керісінше, Орталық Еуропаның өзге де мемлекеттері сияқты ауқымды дефляциядан қорықты. Халқы қиналып, қақтығыс пен оның салдарынан зардап шеккен соң Германия билігі жаңа салық түрін енгізуден бас тартты. Саяси органдар ішкі тәртіп пен бейбітшілікті сақтау үшін әлеуметтік бағдарламаларды қажет деп таныды. Сондықтан, олар орталық банктердің қаржыландыруына сенім артып, әлеуметтік төлемақы мен мемлекеттік сектор қызметіне емін-еркін қаржы бөлуді жалғастыра берді. 

Германия билігі Ұлыбритания, АҚШ-пен салыстырғанда соғыс уақытының төтенше жағдайы аяқталмағанына және әлем әлі де қақтығыс алаңы екеніне сенді. Саяси талқылауларда  бұрынғыдай соғыс кезіндегі саясатты ақтау үшін қолданылған радикалды ойлар мен шұғыл шаралар туралы айтылды. Әрине, Германияның саяси реакциясы гиперинфляцияға, кейін өте күрделі әлеуметтік ыдырауға алып келді.  

Қазіргі таңда саяси органдар төтенше жағдайды ұзарту, есеп айырысу мен шығыстардың бөлінісін кейінге қалдыруға алданып жатыр. Сайып келгенде, Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңында басталған тұмау пандемиясы секілді вирустың қайта таралу мүмкіндігін ескерсек, COVID-19 дағдарысы аяқталған кезде нақты қандай жағдай болары әлі де белгісіз. 

2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысына реакция аса қатерлі жайт қалыптастырды. Соғыс кезінде әскери жұмылдыру қаншалықты қажет болса, кез келген дағдарысты еңсеру үшін шұғыл шаралар қажет. Алайда төтенше жағдай тоқтатылғаннан соң біраз уақыт осалдық, сынғыштық түсінігі сақталып қалды. Өйткені, көптеген елдер қаржы қиындығының жаңа толқынын тудыруы мүмкін деп қысқарту арқылы қарызды азайтуға талпынбады немесе оны  мүлдем қаламады. 

2008 жылдағы дағдарыстағыдай саясаткерлер бүгінде «қолдан келгеннің барлығын» жасауға тырыспақ. Ірі орталық банктер жедел өтімділік дағдарысын жеңуге қауқары жеткенімен, шығыстарды реттеуге байланысты мәселе күрделі болады.

Бұл шығыстардың құрамында жедел медициналық көмекке жұмсалатын қаржыны арттыру ғана емес, сонымен қатар карантиннен зардап шеккен кәсіпорындардың шығындарын да қамтиды.

Егер жекеменшік кәсіпорындарды құтқармаса, мәселе ол мекемелердің қызметкерлеріне қатысты өтеді. Кірісінен айырылған жұмысшыларға компенсация беруге бағытталған уақытша шаралар әлеуметтік қамту жүйесінің жаңа әрі тұрақты элементі бола ма? Мемлекеттер әмбебап ең төмен немесе базалық кірістің қандай да бір формасын қарастыра ма?

1920 жылдар әлеуметтік саясат саласында радикалды тәжірибе жүргізудің уақыты болған. Ол дәуірден ұғынатын дүние – аталған бағдарламалар жай ғана төтенше шараларды ұзарту арқылы қаржыландыруға келмейтінін көрсетеді. Тұрақтылығын сақтау үшін ондай бағдарламалар дұрыс бағаланып, салық салу есебінен қаржылануы керек (немесе кей жағдайларда қарыздарды қысқарту арқылы). 

Әлбетте, төтенше жағдай туындаған кезде шығынды ойлаудың қажеті жоқ. Бірақ одан кейін не болатынына көз жұма қарау дұрыс емес. Қазір карантин/шектеулердің тоқтатылуын талап етіп жатқандар келешекте шығыс бөлінісі қалай реттелетіні жайлы ашық, ашып айтуы керек. Осы уақытқа дейін ол тақырыпқа қатысты ешбір пікірталас жүргізілмеді. Соғысаралық уақыттағы тәжірибеге сүйенсек, күрделі сұрақтардан қашу – тікелей апатқа апарар жол.

Ертең не болады?

Гарольд Джеймс

Принстон университеті Тарих және Халықаралық қатынастар профессоры, Халықаралық басқарудағы инновациялар орталығының аға ғылыми қызметкері.

Copyright: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz