Ердоған қорасы өртенген шопанға 120 қой мен 1,5 тонна астық берді ме?

Әлеуметтік желіде Түркия президенті өрт кезінде 70 қойы өртеніп кеткен шопанға 120 қой мен 1,5 тонна астық бергені туралы ақпарат тарап жатыр. Оқырмандардың өтінішінен соң Factcheck.kz хабардың қаншалықты шын екенін тексерді.

Ердоған қорасы өртенген шопанға 120 қой мен 1,5 тонна астық берді ме?
Халық арасында тараған ақпарат

Үкім: Шындық

26 қарашада Маниса қаласы, Демиржи ауданының Есенюрт ауылды аймағында өрт шығып, нәтижесінде қорадағы 70 қой өртеніп кеткен. Желтоқсанның 21-де бірнеше сайт пен Түркия ауыл және орман шаруашылығы министрлігі Маниса провинциясы дирекциясының ресми сайты ерлі-зайыпты Әли мен Сение Текиннің арызын қанағаттандырып, отбасыға 120 қой мен 1,5 тонна жем берілетіні туралы жазды.

Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекира Пакдемирли қойлары өртенген отбасыға өтемақы ретінде 120 ұсақ мал мен жем беру туралы бұйрық берген және осы іс-шара барысында смартфон арқылы байланысқа шығып отырған.

Министр бұл жағдайды президент Ердоған да білетінін және отбасының шағымын қанағаттандыру туралы тапсырма бергенін айтқан. Пакдемирли өртенген үй мен қора қайта салынатынын, министрлік, провинция, ауыл мен орман шаруашылығы әкімдігі, аудан губернаторы, муниципалитет және қайырымды жандар қолдауымен 120 қой берілгенін хабарлаған. Алда отбасыға 1,5 тонна жем беріледі деп жоспарланып отыр.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz