Елімізде жеке тұлғаларға берілетін несие саны өсіп, заңды тұлғаларда кеміп жатыр – Қ.Тоқаев

24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев экономикаға берілген несие, оның ішінде заңды және жеке тұлғаға берілетін несие санына қатысты бірнеше факт келтірді. Factcheck.kz сайты осыған байланысты ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Мәлімдеме:

Бізде жеке тұлғаларға берілетін несие саны 1,4 трлн-ге өсіп, 6,7 трлн-ге жетті. Ал, керісінше заңды тұлғаларға берілетін несие 590 млрд-ға кеміді (орысшадан аударылды)

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті

Үкім: Жартылай Шындық

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2019 жылдың желтоқсан айында экономикаға берілген несие саны – 13 трлн 863 млрд 847 млн теңгеге жетті. Оның ішінде жеке тұлғаларға берілетін несие саны – 6 трлн 661 млрд 328 млн теңге. Былтырғымен салыстырғанда 1,358 трлн теңгеге артқан. Ал, заңды тұлғаларға берілетін несие саны былтырғымен салыстырғанда 586,6 млрд-ға кеміп, 7 трлн 202 млрд 519 млн-ға түсті.

Экономикаға берілген несиенің 11,559 трлн теңгесі ұлттық валютада берілсе, 2,304 трлн шетел валютасында берілді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz