Экзюперидің «Жерді ата-бабамыздан мұраға емес, баламыздан қарызға аламыз» дегені рас па?

04.11.2021 Айгерім Мекишева

4 жылдан бері саясаткерлер, эксперттер мен шенеуніктер айтқан пікірді жан-жақты талдап келеміз. Енді халық өнеріне, атап айтқанда, дана ойларды белгілі бір тұлғаларға телуге мән беретін кез жеткен сияқты. Бұл жағынан Джейсон Стетхэм –  чемпион. Онымен тек Омар Хайям мен Антуан де Сент-Экзюпери ғана таласуы мүмкін. Біз «Кішкентай ханзада», «Түнгі рейс» және басқа да керемет, жанды елжірететін шығармалар авторы – батыр ұшқыштан бастаймыз.

Интернеттен мына сияқты пікірлерді кездестіруге болады:

Экзюперидің «Жерді ата-бабамыздан мұраға емес, баламыздан қарызға аламыз» дегені рас па?

Болмаса, мынадай нұсқасы бар:

Экзюперидің «Жерді ата-бабамыздан мұраға емес, баламыздан қарызға аламыз» дегені рас па?

Салмақты көрінеді:

Экзюперидің «Жерді ата-бабамыздан мұраға емес, баламыздан қарызға аламыз» дегені рас па?

Алайда басқа автор – үнді тайпасының көсемі көрсетілген даналық сөз де кездеседі:

Экзюперидің «Жерді ата-бабамыздан мұраға емес, баламыздан қарызға аламыз» дегені рас па?

Тіпті академик Вернадский көрсетіледі:

Экзюперидің «Жерді ата-бабамыздан мұраға емес, баламыздан қарызға аламыз» дегені рас па?

Оған қоса, бұл – БҰҰ материалдарынан және ежелгі үнді даналығынан алынған «даналық сөз».

Үкім: Фейк (апокрифтік даналық сөз)

Шын мәнінде, нақ осыған ұқсайтынды 1971 жылы ақын, жазушы және экология белсендісі Уэнделл Берри «Непредвиденная дикая природа: эссе о реке Ред-Ривер, притоке Кентукки» (The Unforeseen Wilderness: An Essay on Kentucky’s Red River Gorge, 1971) кітабында айтқан, дәлірек айтсақ, жазған.

Түпнұсқасы – мынау:

We can learn about it [conservation of the environment] from exceptional people of our own culture, and from other cultures less destructive than ours. I am speaking of the life of a man who knows that the world is not given by his fathers, but borrowed from his children… А вот перевод:

Аудармасы міне:

Біз бұл туралы [қоршаған ортаны сақтау] ерекше адамдардан, өз мәдениетімізден, оған қоса біздікінен деструктив емес басқа мәдениеттерден біле аламыз. Мен әлем өз аталарынан берілмегенін, керісінше өз балаларынан қарызға алынғанын түсінетін адам өмірі туралы айтып отырмын…

Бір ғажабы, ағылшын тілінде сөйлейтін кеңістікте сөздің тағдыры да сондай оғаш, ал білуге құмартатындар ол сөзді кім айтқанын білмей дал. Осы тақырып бойынша шағын зерттеу даналық сөздерді зерттеуге арналған арнайы ресурста жарияланған Quote Investigator, сонымен қатар пікірдің шығу тегін Гарсон О’Тул өзінің «Они этого не говорили. Изречения знаменитостей: правда и вымысел» кітабында талдайды.

Бұл фраза Амиш қауымының халық даналығы деп айтылады, ол үнді көсемі Чифу Сиэтлге, жалпы Американың байырғы халқына және ақын және эссеист Ральф Уолдо Эммерсонға және басқа да көптеген танымал тұлғаға телінеді. Оның ішінде Оскар Уайлд та бар. Ол, шын мәнінде, 1882 жылғы 12 мамырда Оттавада көпшілік алдында сөйлеген сөзінде былай дейді: «Табиғат көріністері, шын мәнінде, бізге тиесілі емес, біз оларды қалай қабылдаған болсақ, балаларымызға солай қалдыруымыз керек». Бұл түрдегі даналық сөз алғаш рет Ллойд Льюис пен Генри Джастин Смиттің «Оскар Уайлд Американы ашады» кітабында 1936 жылы жарияланған.

Бұл сөз тіркесінің тұтас тергеу объектісіне айналуы қалай болды? Гарсон О’Тулдың талдауын қайталаймыз: автор Уэнделл Берри америкалық коммерциялық емес қоршаған ортаны қорғау ұйымы Одюбон қоғамы журналына арналған мақаласында бұл сөз тіркесін қайта пайдаланды. Соның арқасында бұл сөз кең тарады. Әрі қарай, сол 1971 жылы даналық сөзді эко-белсенді Карлтон Паркер АҚШ Сенатына жолдаған сұрауында пайдаланды. Соған қарағанда, бұл тіркес халыққа авторынан айырылып жеткен сияқты. Мәлімдемеде: «Маған Ұлттық Аудубон қоғамының нағыз эколог «әлемді оған әкелері қалдырмағанын, керісінше өз балаларынан қарызға алғанын» білетін адам деген анықтамасы ұнайды», – дейді.

Ал 1973 жылы Миссуридегі газеттердің бірінде (авторды айтпай-ақ) мәлімдеме мына формада қолданылды: «Нағыз эколог – бұл әлемді оған әкесі қалдырмаған, ол өз балаларынан қарызға алған адам».

Әрі қарай барлық жерде: 1975 жылы Австралияның қоршаған орта және табиғи ресурстары министрі Мозес Генри Касс Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы шақырған Париж конференциясында сөйлеген сөзінде афоризмді қолданды. Ал 1975 жылғы шілдеде бұл мәлімдеме нұсқасы Michigan Natural Resources журналы беттерінде «Балаларымыздан қарызға алынған жер» деген мақалада пайда болды. Оның авторы Деннис Холл Мичиган жерді басқару бюросында жұмыс істеген. Бұл фраза ауыздан ауызға тарап жылдар өткен соң тілдік кедергілерді еңсере отырып, біздің ақпарат кеңістігімізге енді.

Бұл фразаның авторы Антуан де Сент-Экзюпери деп оның отандастары айтты деудің ықтималдығы жоғары (мүмкін, 70-жылдары, Париж конференциясы есіңізде ме?). Міне, мысал. Дегенмен бұл тақырып бойынша интернетте талқылаулар болды, оның барысында бұл сөз Батыс Африка халықтарына тиесілі болуы мүмкін деген пікір де айтылды. Сайып келгенде, Экзюперидің фраза авторы деу идеясы жоққа шығарылды, апокрифтік, яғни жалған деп танылды.

Айтпақшы, адамдардың жалған авторлардың жарқын пікірін қалай бұрмалайтыны, өзінікі қылатыны немесе оларға сілтеме жасайтыны туралы толығырақ ақпарат алу үшін жоғарыда аталған «Они этого не говорили. Изречения знаменитостей: правда и вымысел» кітабынан оқыңыз және Instagram-да #неговорилятакойфигни тэгінен іздеңіз.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz