ЕҚЫҰ Өзбекстанда сайттардың бұғатталуына алаңдаулы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ еркіндігі бойынша өкілі Арлем Дезир Өзбекстан билігін тұрғындарды маңызды жаңалықтар мен ағымдағы ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін онлайн басылымдарды бұғаттауды тоқтатуға шақырды. Дезир өтінішін Twitter парақшасында және ЕҚЫҰ пресс-релизында жариялады деп хабарлады Ферғана News.

«Мен Өзбекстан билігінен елдегі онлайн басылымдарға еш кедергісіз қолжеткізуді қамтамасыз ету үшін бірқатар реформалар жүргізуді сұрадым. Кез-келген тосқауылдық шаралар халықаралық стандарттарға сай және төтенше жағдайда ғана заңға сәйкес өткізілуі керек екенін қайталап айтамын» деп мәлімдеді Дезир.

ЕҚЫҰ-ның пресс-релизында айтылғандай Өзбекстанда бірқатар ақпараттық басылымдарға қолжеткізу қиын. Министрлер кабинеті 2018 жылы “интернетте экстремистік, пропагандалық және жеккөрушілік сипаттағы сөздері бар” контент ұсынатын онлайн БАҚ-ты  бұғаттауға қаулы шығарды. Алайда, тыйым салынған ресурстар да, ақпараттық басылымдардың бұғатталу себебі де әлі түсіндірілмеді.

Арлем Дезир «Мен бұғатталған сайттарды қайта ашуға және ақпаратқа қолжетімділік пен елдегі сөз бостандығын қозғайтын заң мен нормативті актілерді реформалауға шақырамын» деді. Сондай-ақ,  ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер БАҚ еркіндігіне қатысты заңдарының, саясатының және ісінің халықаралық міндеттемелерге сай болуына ұмтылу керек екенін еске салды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz