Екі медицина қызметкері вакцина паспортын сатты деген күдікпен ұсталды

Семейде екі медицина қызметкері ұсталды. Олар қала тұрғындарына кем дегенде 30 вакцина паспортын сатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Vlast.kz сайты Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкіліне сілтеп хабарлады.

Семейде жедел іс-шара жүргізу барысында вакцина төлқұжатын сатып, ақша табуға тырысқан екі медицина қызметкері анықталды. Медициналық-әлеуметтік мекемесінде жұмыс істейтін қызметкер жеке азаматтардан өзінің шотына 15 мың теңге алған. Ал ақшаны бір бөлігі, яғни, 10 мың теңге жеке куәлік пен құжат көшірмелерімен бірге жедел жәрдем орталығындағы досына берілген. Ол вакцина егу процедурасы туралы бұрыс деректерді мәліметтер базасына енгізген.

ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

ІІМ өкілінің айтуынша, ұсталғандар жалған құжатты кем дегенде 30 қала тұрғынына сатқанын мойындады. Алайда “тергеу барысында бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін” деді.

Контекст

Жақында Алматыда вакцина паспортын жаппай дайындады деген күдікпен туристік компания анықталған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz