Джо Байден Трамптың TikTok пен WeChat-қа енгізген шектеуінің күшін жойды

АҚШ президенті Джо Байден TikTok және WeChat қосымшасына тыйым салу туралы жарлықтың күшін жойды. Бұл туралы The Verge сайты хабарлады.

Джо Байден Сауда министріне қосымшаны мұқият зерттеуге тапсырма беріп, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін шетелдік қаскүнемдердің шабуылынан сақ болуды ескертті.

Бұл бұйрықтан кейін экс-президент Дональд Трамптың TikTok пен WeChat қосымшасына шектеу енгізу туралы жарлығы күшін жояды.

Контекст

  • Сауда министрлігі АҚШ азаматтарының құпия деректерін шетелдік шабуылдаушылардан қорғау туралы ұсыныс жасайды. Министрліктің қорытындысы атқарушы билік өкілдері мен заң шығарушыларға жіберіледі.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz