Дуров телеграмда жарнаманы ақылы өшіруге қатысты жоспарын айтты

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджерде жарнаманы өшіруге мүмкіндік беретін бірқатар функцияны енгізуге байланысты жоспарын айтты. Бұл туралы 3dnews.ru сайты хабарлады.

Біз осы жаңа функция бойынша жұмыс істеп бастадық. Мұны осы айда іске қосуды жоспарымызда бар. Бұл Telegram-ның дамуына тікелей қаржылай қолдау арқылы және каналдарда жарнаманы өшіретін арзан ақылы тіркелу арқылы жасалуы мүмкін.

Павел Дуров.

Бұған дейін Telegram мессенджері желі каналдарында жарнама функциясын сынақтан өткізіп жатқаны хабарланған.

Жазбада «sponsored», белгісі арқылы, яғни, жарнама берушінің ақша төлеп жазба жариялағаны көрсетіледі. Қазіргі уақытта 1000-нан астам оқырманы бар каналдарда жарнама шығып жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz