“Дождь” арнасының YouTube-тегі сюжеті бұғатталды

Ресейлік “Дождь” телеарнасының YouTube каналында Мемлекеттік думаға сайлауға түскендердің дебаты жайлы сюжеті бұғатталды. Бұл туралы каналдың ресми сайтында хабарланды.

Ресейлік Бостандық және әділет партиясының жетекшісі Максим Шевченко саяси тұтқындарды, оның ішінде оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды босатуды, сонымен қатар, азаматтық белсенділер мен журналистерге қарсы “саяси қуғын-сүргінді” тоқтатуды талап еткені туралы үзінді бұғатталды.

“Дождь” арнасының мәлімдемесі

Сонымен қатар, “Россия 1” және “Россия 24” телеарналары кіретін ВГТРК (мемлекеттік телекомпания) шағымынан соң YouTube әкімшілігі осындай шешім қабылдағаны жазылған.

ВГТРК америкалық компанияға дебат үзіндісінде тек өзіне тиесілі контенттің бар екенін жазып, сауал жіберген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz