DOXA журналының кеңсесінде тінту жүргізіліп, журналистерге айып тағылды

DOXA студенттік журналының кеңсесінде және оның төрт қызметкерінің үйінде тінту жүргізіліп, төрт журналист қамауға алынды. Оларға кәмелетке толмағандарды наразылық акциясына тарту ісі бойынша айып тағылды. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

DOXA журналының кеңсесінде тінту жүргізіліп, журналистерге айып тағылды
Журнал редакциясында тінту жүргізілгеннен кейін

BBC сайтының жазуынша, таңертең DOXA редакциясына, сонымен қатар, журнал редакторларының үйінде — Армен Арамянға, Владимир Метелкинге және Наталья Тышкевичке тінту жүргізілген. Көп ұзамай тергеушілер журнал қызметкері Алла Гутникова мен Армен Арамянның ата-анасына да келген.

“Агора” құқық қорғау ұйымының басшысы Павел Чиковтың айтуынша, Тышкевич пен Арамянға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 151.2-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды заңсыз әрекеттерді жасауға шақыру немесе басқа жолмен тарту) бойынша айып тағылды.

“Автозак Live” телеграм-арнасының дерегінше, ұсталған журналистің барлығына Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 151.2-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған. Олар бұл бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

BBC сайтының жазуынша, журналға қарсы мұндай әрекетке 23 қаңтарда жарияланған видео себеп болды. Алайда Роскомнадзордың өтінішінен кейін видео өшірілген еді. “Медиазона” дерегінше, митинг қарсаңында студенттерді қорқыту туралы видео болуы мүмкін. Бұған дейін де Doxa журналы наразылық акциясынан жиі ақпарат жариялаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz