Депутат Қаратаев Қазақстандағы карьерлерді заңсыз қазу туралы не деді?

19 мамырда парламенттің төменгі палатасы жалпы отырысында «Нұр Отан» партиясы депутаты Фахриддин Қаратаев Қазақстан Республикасы аумағында карьерлерді заңсыз қазу туралы мәселе көтерді. Ол мәселе жер қойнауын пайдалануға қатысты құқықбұзушылықта ғана емес, қоршаған ортаға зиян келтіруге де қатысты екенін айтты.

Оның сөзі 1:21:35-те басталады

Қаратаев Бас прокуратура мәліметі бойынша, кейінгі 3 жылда республикада карьерді заңсыз қазуға қатысты 303 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелгенін айтты. Депутат қай жерде және қанша осындай жағдай болғаны туралы аймақтардағы деректерді келтірді.

Factcheck.kz редакциясы депутат ұсынған деректерді тексерді.

Мәлімдеме: «Бас прокуратура мәліметі бойынша, кейінгі 3 жылда республикада карьерді заңсыз қазуға қатысты 303 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген».

Фахриддин Қаратаев

Үкім: Техникалық қате

Қатесі мынау: Депутат есепті кезеңде қаралып жатқан және Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелмеген қылмыстық істер санын айтып отыр. Сонымен қатар, ол 2021 жылдың 4 айында жасалған құқықбұзушылықты ескермеді. Құқықтық статистика комитеті есебі бойынша, 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта «Жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану» бабы бойынша 304 іс қаралды, биылғы деректер бойынша, ондай 342 іс болды.

Есепті кезеңде қаралып жатқан қылмыстық істер – бұл әлі үкімі шықпаған қылмыстар. Олардың кейбірі көрсетілген мерзімнен бірнеше жыл бұрын тіркелуі мүмкін, бірақ ол істер әлі жалғасып жатыр. Неғұрлым объектив бағалау үшін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген құқықбұзушылықтар ескерілуі керек.

Бұл – бұрын емес, белгілі бір жылы жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтар. 2018 жылдан 2021 жылға дейін олардың саны 166 болды.

Қазақстанда карьерлерді заңсыз қазу бойынша құқықбұзушылықтар (2018-2021).

Әлі қаралып жатқан қанша іс СДТБТ-да қанша іс тіркелгені туралы.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика комитеті • График: Медет Есімханов

2018 жылы СДТБТ-да 54 қылмыстық іс тіркелді, 2019 жылы – 59, 2020 жылы – 45 және 2021 жылдың 4 айында заңсыз карьер қазуға қатысты 8 құқықбұзушылық тікерлді.

Бас прокуратура мәліметі бойынша, 3 жыл ішінде дәл осындай бап бойынша 577 қылмыстық іс тоқтатылған. Мұндай үлкен көрсеткіш себебі мынау – бірқатар құқық бұзушылық бірнеше жыл бұрын тіркеліп, олар бойынша іс жүргізу тек есепті кезеңде аяқталған.

Мәлімдеме: «Оның 32-сі Ақмола облысында, 39-ы Алматы облысында, 32-сі Түркістан облысында, 11-і Шымкентте, 23-і Павлодар облысында, 27-і Шығыс Қазақстан облысында және басқа да аймақтарда тіркелді. Сонымен, Нұр-Сұлтан маңында 54 заңсыз карьер анықталды, Жамбыл облысында жер қойнауын өз бетінше өндірген 32 іс тіркелді. Бүгінгі күнге дейін бұл мәселелер әлі ашық күйінде қалып отыр».

Фахриддин Қаратаев

Үкім жоқ

Бұл мәлімдемені тексеру мүмкін емес, өйткені депутат ұсынған деректер ашық дереккөзде жоқ. Тек ішінара маңызды ақпарат – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2018 жылы елорда маңында карьерлерді заңсыз қазу туралы хабарламасы. Сондықтан Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланудың жалпы жағдайы туралы айтып береміз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының кейінгі мәліметі бойынша, 2019 жылы Қазақстанда тау-кен өнеркәсібімен және карьерлерді қазумен айналысатын 1 453 кәсіпорын болған. 2019 жылы осы саладағы өндіріс көлемі 15 978 061 000 теңге, 2020 жылы 11 735 101 000 теңге, ал 2021 жылдың екінші тоқсанында 3 827 165 000 теңге болды.

Сонымен бірге, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп саласындағы өндіріс индексі 93,7% болды. Бұл көмір өндіру (98,8%), шикі мұнай (89,9%) және тау-кен өндірісіндегі қызметтер көлемінің (94,5%) төмендеуіне байланысты болды.

Депутат Қаратаев Қазақстандағы карьерлерді заңсыз қазу туралы не деді?

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитеті де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы «Жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану» бойынша тіркелген бірқатар құқықбұзушылықты келтіреді.

Сонымен, құқықтық статистика бойынша есептерге сай, 2018 жылдан 2021 жылға дейін Ақмола облысында жер қойнауын пайдалануға қатысты 96 қылмыстық құқықбұзушылық болған. Олардың тек 25-і тізілімге енген.

  • Алматы облысында 37 қылмыстық іс сотта қаралса, оның 18-і тіркелген.
  • Түркістан облысында 29 қылмыстық іс сотта қаралған, оның 20-сы тіркелген.
  • Шымкентте 8 қылмыстық іс сотта қаралып, 4-уі тіркелді.
  • Шығыс Қазақстан облысында 29 қылмыстық іс өндірісте болып, 19-ы тіркелген.
  • Нұр-Сұлтанда 26 қылмыстық іс сотта қаралып, 10-ы тіркелді.
  • Жамбыл облысында 11 қылмыстық іс сотта қаралып, 6 іс тіркелген.

Қазақстан Республикасында өңірлер бойынша карьерді заңсыз қазу бойынша құқықбұзушылықтар (2018-2021)

Қаралып жатқан қанша іс СДТБТ-да тіркелгені туралы

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика комитеті • График: Медет Есімханов
Factcheck.kz