ДДҰ-ның махаббатты психологиялық аурулар санатына қосқаны рас па?

Инстаграм жаңалықтары кезекті бір тосын сый жасады. Қазақстан сегментінің бір авторы жақында ғана мынадай таңғаларлық әрі қызық ақпаратпен бөлісті: “Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) махаббатты ресми түрде психологиялық аурулар қатарына қосты. Жаңа ауруға F63.9 деген нөмір берілді“. Мұның барлық адамға қаншалықты қатысы бар екенін тексереміз. Тақырыптың өзектілігі кейбір комментатор рекциясымен расталып жатыр:

ДДҰ-ның махаббатты психологиялық аурулар санатына қосқаны рас па?

Айта кетейік, автор: “Махаббат – бас қату синдромына ұқсас сипатталып, алкоголизм, құмар ойын, токсикомания мен ұрлыққұмарлықпен бірге “әдеттер мен қалаулардың бұзылуы” психикалық ауытқулар тобына кіреді… Кей зерттеушінің пікірінше, махаббатқа әртүрлі гормон бөлетін (допамин, окситоцин, адреналин, вазопрессин және тағы басқа) мидың 12 аймағы жауап береді. Бұл гормондар есірткіге мас болуға ұқсайтын эйфория туғызады”, – дейді. Ал кеттік…

Үкім: Фейк

Шынында, кей психолог әріптестерін махаббатты, соның ішінде махаббатты аңсауға (lovesickness) аса мән беруге шақырады. Негізі бұл туралы Ежелгі Грекияда да айтылған.

Платон айтты деген бар: “Махаббат – бұл ақыл-ойдың ауыр ауруы”.

Дегенмен ДДҰ әзірше махаббатты да, махаббатқа тәуелділікті де өзінің Аурулардың халықаралық жіктеуіне (ICD-10, МКБ-10) қоспады.

F63.9 коды жіктеуде “Анықталмаған әдет пен қызығушылықтың бұзылуы” ауруына берілген. Ол былай сипатталады:

  • Тұлғаға және басқа адамдарға зиян, бірнәрсені істеуге қарсы тұра алмау, психикалық бұзылу санаты. Адамдар әдетте бұл істі істер алдында қатты қобалжиды, одан кейін ләззат алады, істі істеп жатқан кезде қанағаттанады немесе босаңсиды.
  • Адамға немесе басқаларға зиян әрекетті жасауға себепкер, түрткі болуға немесе азғыруға қарсы тұра алмау сипатындағы бұзылулар. Индивидуум бұл істі істеу алдында қатты қобалжиды, одан кейін ләззат алады, істі істеп жатқан кезде қанағаттанады немесе босаңсиды.
  • Адамның қалауларын қанағаттандырудың аса қажеттігімен және себеп пен азғыруға қарсы тұра алмаумен сипатталатын психикалық бұзылулар.

“Махаббат – мәңгі ертегі…”

Махаббатты ДДҰ жіктеуіне кіргізуге қатысты бұрынғы фейкке британ жазушысы әрі клиникалық психолог Фрэнк Толлис жанама түрде әсер еткен болуы мүмкін. Ол обсессив-компульсив бұзылыс (ОКБ) саласының эксперті ретінде өзінің жарияланымдарында махаббатты аңсауды аурудың бір түрі деп қарастырады. Бұл күйдің сипаты ОКБ-мен бірдей екеніне мән береді. Оның Д.Мараззити, А.Росси сияқты басқа да әріптестері “Романтикалық махаббат кезеңіндегі серотанин өндірісінің өзгерісі” зерттеуінде бақылау топтарына қарағанда ғашықтар мен ОКБ пациенттерінде серотанин деңгейінің төмен екенін анықтады.

Байқағанымыздай, ғалымдар махаббат пен гормондар тақырыбын зерттемейді деуге болмайды. Артур Аронның, Хелен Фишердің және өзгелердің ғашықтар миының қай аймағы қалай іске қосылатыны туралы жұмыстары өте танымал.

Дегенмен ДДҰ жіктеуінде ОКБ-ға F42 коды берілгенін айта кету керек. Бұл – мүлде басқа бұзылыс деген сөз, ол Күйзеліс пен соматофор бұзылуымен (ОКБ сипаттамасы) байланысты невротика түріне жатады. Ал F63.9 коды Ересектердегі жеке басының және мінез-құлқының бұзылыстарына жатады.

Демек F63.9 кодындағы аурумен ауыратындар, өз қалауын қанағаттандыруға тырысып, себеп немесе азғыруға қарсы тұра алмайтындар, ОБК-сы бар адамдар керісінше жағымсыз жағдайдың алдын алу үшін қандайда бір әрекет істейді. Өйткені ол жағдай науқастың ойынша, өзіне немесе басқаларға зиян тигізеді.

Айтпақшы, эротомания немесе жыныстық құмарлықтың жоғарылауы F52.7 кодындағы ауру деп белгіленді. Бүны не үшін жаздым….

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz