ДДСҰ сарапшысы коронавирустың омикрон нұсқасы жайлы пікір білдірді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлі күнге дейін коронавирустың омикрон түрін жұқтырған адамдардың қалай ауырғаны туралы мәлімет жинап жатыр. Бұл туралы ДДСҰ сарапшысы Мария ван Керкховен CBS телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Аурудың жеңіл өтетіні жайлы тенденция байқалып жатыр. Алайда сарапшылар нақты бірнәрсе айту үшін деректер аз.

«Бастапқы есеп бойынша, коронавирустың омикрон нұсқасын жұқтырғандар аурудың жеңіл өтуіне бейім келеді. Бірақ бұл туралы нақты айтуға әлі ерте. Себебі адамдар аурудың толық кезеңін өтуі керек. Қанша адам аурудың қиын кезеңін өткізетінін түсінгенге дейін бірнеше апта кетуі мүмкін», – деді ол.

Сонымен бірге, ДДСҰ сарапшысы коронавирустың “омикрон” нұсқасы жеңіл өтетіні расталған жағдайда да, вирустың таралуын болдырмау үшін тез әрекет ету керектігін ескертті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz