ДДСҰ Оңтүстік Суданда белгісіз аурудан қайтыс болған 89 адамның өлімін тергеп жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Суданға жедел әрекет ету тобын жіберді. Мұнда 89 адам белгісіз аурудан қайтыс болды. Бұл туралы BBC сайты хабарлайды.

Осы аймақта жиналған алғашқы cынақ нәтижесі дәрігерлердің болжамымен расталмады. Мамандар басында тырысқақ (холера) ауруы деп ойлаған.

Қайтыс болғандар елдің шығысындағы Джонгл штатының тұрғындары. Бұл жер жақында болған су тасқынынан ең көп зардап шеккен аймақ ретінде айтылады.

ДДСҰ сарапшылары аурудың таралу қаупін зерттеп, бағалау керек.

ДДСҰ өкілі

Мамыр айынан бастап Оңтүстік Суданда су тасқыны салдарынан жарты миллионға жуық адам зардап шегіп, үйінен кетуге мәжбүр болды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz