ДДСҰ коронавирустың шығуын зерттеуге жаңа сарапшылар тобын құрады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дың қалай шыққанын анықтау үшін жаңа сарапшылар тобын құрып жатыр. Бұл туралы Vlast.kz сайты хабарлады.

Ұйымның хабарлауынша, зерттеудің басты мақсаты алдағы уақытта басқа пандемияның алдын алу.

SARS-CoV-2 қалай пайда болғанын саяси ұпай жинап, кінәліге қол сілтеп, анықтауға болмайды. Қазіргі уақытта COVID-19 пандемиясы қалай басталғанын білу маңызды. Бұл жағдай алдағы уақытта вирус жануардан адамға тараған сәтте маңызды мысал болады.

ДДСҰ

Сонымен қатар, сарапшылар жүйелі түрде жаңа патогенге зерттеу жүргізу арқылы алдағы уақытта пандемияның алдын алу үшін көмектеседі.

Шілдеде ДДСҰ Қытайға коронавирустың қалай пайда болғанын зерттеуге жоспардың екінші кезеңін ұсынған. Бұл жоспарға сай Ухань қаласындағы зертханалар мен базарларды тексеріп, биліктен ашық болуға шақырылған.

Қытай билігі коронавирус қайдан шыққанын зерттеуге арналған ДДСҰ жоспарының екінші кезеңін қабылдамады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz